№37, 16 қыркүйек 2014 жыл
№37, 16 қыркүйек 2014 жыл
4
ЖАУҚАЗЫН
Ана
тілім
Өнегесін бойдағы – тірі нəрді,
Тілмен бабам жеткізді ұлы
асылды.
Өзі өтсе де өмірден, тілі қалды.
Болашаққа жеткізген мұра сынды.
Келген екен кезегім мына менің,
Əр сөзімді еліме үлгі етемін.
Тілім барда екен-ау гүл əлемім,
Толып қалды лағылдай жырға
етегім.
Қазынаға толтырған сандығымды,
Жаратқанға сан мəрте
шүкір дедім.
Тоз-тоз болған кешегі
тағдырымды,
Тілімменен келеді бүтіндегім.
ÀÓÛËÄÀ
(әңгіме)
Мұраттың ұсынысына əкесі қатты қуан-
ды.
– Уақытты созып қайтеміз? Бəріміз
демалыстамыз. Қанеки, ертең барайық? –
деді əкесі. Анасы қолдай кетті. Сонымен,
аяқ астынан əкесінің туыстарына, ауылға
баратын болды.
Мұраттың ауылға алғаш рет келуі.
Ауылда не бар? Халқы не істейді?
Қандай тіршілік жасайды?
Ол жағын білмейтін. Өз
топшылауынша, қаладағы
сияқты үлкен үйлер емес,
ауылда кішкене қонақ
үйлер бар деп ойлады.
Айнала толған ағаш,
жеміс-жидек, бау-бақ-
ша, үлкен супермар-
кеттер болмағанымен,
кішкене дүкендер
бар шығар. Əдетте
ауылдар солай сипат-
талады емес пе?
Бір кезде көлік кілт
тоқтап, Мұраттың ойы
бөлініп кетті. Олар ауылға
жеткен екен. Бірден кешкі астың үстінен
түсті. Туысқандарымен амандасып
д
д
ы?
ы
з
а
а
ғы
е
е
с,
с
болған соң, қол жуысып, тамаққа
отырды.
Мұрат тамақты қолмен жеп көрме-
ген еді. Ауылда етті қолмен жейді
екен. Ал бұлар: анасы, тəтесі жəне өзі
қасықпен жеп отырды. Мұрат қасықты
тастай салды да, қолмен жей бастады.
Қасында отырған туыс балалар бұған
қарап жылы жымиып қояды.
Ас қайырып болған соң, балалар
топырлап далаға шығып кетті. Мұрат
та балаларға ілесе шықты.
Далаға шыққан бойда тұрып
қалды. Ауыл өзі ойлағандай
емес екен. Мұратқа ауыл
қатты ұнады. Екі-үш күн
ауылда қонғасын, қалаға
қайтты.
Мұрат сол баяғы терезе
алдында отыратын қалпына
қайта оралды. Бірақ, бұл
жолы қуанышты сəттерін
ойлап отырды.
Айдана БЕКНҰРОВА,
№7 кешенді
орта мектебінің
6-сынып оқушысы.
Алматы қаласы
Сүйемін туған елімді,
Жайқалған жасыл жерімді.
Тербеткен мені сəбидей,
Өзен, тау, шалғын белімді.
Өзіңмен əркез мақтанам,
Гүліңді терем қаптаған.
Жерімсің жүрек тербеткен,
Өлеңім сенсің жаттаған.
Қарызбын саған, туған ел,
Бесігім алтын – туған жер,
Екеуің – тұтас бір ұғым.
Қуат-күш берер маған өр.
Туған ел, сенің қызыңмын,
Өзіңде өтсін қызығым.
Жерұйық жерім жайнаған,
Арқауы жасын жырымның!
Алтынай МАРАЛБЕКҚЫЗЫ,
оқушы.
Талдықорған қаласы
Табиғат –
тіршілік бастауы
Бұлқынып жатқан анау белестері,
Беліне шықсаң алдан жел ескені.
Тұнығын табиғаттың ластамаңдар,
Табиғат екінші анаң емес пе еді?
Ластайтын табиғатты өзіміз ғой,
Табиғат мұны айтуға қысылады.
Аялап табиғатты, иілемін,
Қиналса, мен де бірге күйінемін.
Біліңдер, еш керегі жоқ адамға,
Табиғат болмаса егер дүниенің!
Құралай БӨКЕБАЙ,
№25 мектептің
8 «Ə» сынып оқушысы.
Қожабақы ауылы,
Қазалы ауданы,
Қызылорда облысы
Анам
менің...
Анам менің, асыл анам, жан анам,
Сенсің менің ақылшым да
дана адам.
Алыстасам, сағынамын өзіңді,
Өзің барда, барлығын да
таба алам.
Ана деген – əрбір үйдің шуағы,
Ана деген – əрбір үйдің бұлағы.
Құдіреттің барлығы да, адамдар,
Ана деген үш əріптен шығады.
Анам барда ағытам жыр тиегін,
Қиналғанда басымды да сүйедім.
«Жұмақ кілті – табанында ананың»,
Сенсің менің ардақ тұтар киелім.
Алмабек ИБРАЙЫМОВ,
К.Байшығанұлы атындағы
орта мектептің
8-сынып оқушысы.
«Ұланның» жас тілшісі.
Қызылшекара ауылы,
Райымбек ауданы,
Алматы облысы
Тербеттің мені
төсіңде...
Туған жер – алтын бесігім,
Тербеттің мені төсіңде,
Қастерлі сенің есімің,
Жүреді мəңгі есімде.
Туған жер – алтын босағам,
Аттандым сенен қияға.
Апам мен Отан – қос анам,
Қондырған мені ұяма.
Ақжарқын СЕРІКҚЫЗЫ,
№53 жалпы орта мектептің
8 «Б» сынып оқушысы.
Алматы қаласы
Мұқағалиға
Жадыратқан талай жанның
жүрегін,
Мұқағали өлеңдері – тірегім.
Азық болып келеді əркез жаныма,
Жырларыңнан тау
тұрғызып келемін.
Таңның нұрлы шапағындай
арайлы,
Кешкі самал тебіренткен талайды.
Осындайда сені оқысам, ағатай,
Жүрегіме мол мейірім тарайды.
Қайта-қайта оқығанда жырыңды,
Ел қайғысы алдыма кеп сүрінді.
Асау текті өлең деген арғымақ,
Жүйткіп барып омақаса жығылды.
Оқығанда көз алдыма келеді,
Өлең бір-бір бейне болып желеді.
Ұлылардың көзіндей боп
қашанда,
Ұмытылмас Мұқағали өлеңі.
Аяулым ОҢҒАР,
Ж.Жабаев атындағы
№234 мектептің
11-сынып оқушысы.
Қазалы ауданы,
Қызылорда облысы
Бетті дайындаған Серікбол ХАСАН
Шаттанбайын, марқайып қалай
бүгін,
Тілімменен жарқылдап, талай
жандым.
Ана тілдің асырған ар-айбынын,
Асыл жырын сімірем Абайлардың.
Тіл болмаса қалайша
құлшынарсың,
Тіл болмаса өзімді таба
алар ма ем.
Құдай құйған басымнан
құт шығарсың,
Бақытыңды келемін бағалаумен...
Айару ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,
9-сынып оқушысы.
Жұмекен ауылы,
Құрманғазы ауданы,
Атырау облысы
Алтын
бесік
Табиғат бақытым ғой бас иетін,
Əрқашан бағалайық қасиетін.
Табиғат адамдардан
тартпасыншы,
Айтуға сөз жетпейтін қасіретін.
Көктемде, күзде жəне қысы-жазы,
Табиғат бар жақсысын ұсынады.
5
№37,16 қыркүйек 2014 жыл
№37,16 қыркүйек 2014 жыл
Бетті дайындаған Қарлығаш ДОСАНОВА
ӘУЕЗ
Балалар, «Айгөлек»
бағдарламасының
жүргізушілері ауысқанын
байқаған шығарсыңдар?
Иə, «Қазақстан» жəне
«Балапан» телеарнасының
кішкентай көрермендері,
жаңа жүргізушілермен
танысқыларың келетін болар?
Актер Асылхан Төлеповті
бəрің де жақсы білесіңдер.
Ал Асылханның қасында
кезектесіп шығатын қос
бүлдіршінді ше? Біз Əмина
мен Ақботаны редакциямызға
қонаққа шақырдық.
«Айгөлектің» жүргізушісі
болу үшін 500-ге жуық
бала екі ай бойы кастингке
қатысыпты. Бір қызығы,
суырып алға шыққан қос
бүлдіршін де бір мектепте
оқиды. Екеуі де хореограф
Айман Мерекеқызының
талантты шəкірттері екен.
Шашымды
тақырлап алып
тастағым келеді
− Бұрынғы қазақтардың
шашы қысқа болды деген пікір
жаңсақ па деймін. Себебі,
«Отырардың күйреуі» фильміне
түскенімде менің шашымды
қысқалау екен деп, жасанды
шаш кигізді. Сосын фильмде
жауынгерлердің шашын біз
білетін үш өрім емес, төрт
өріммен өрді. Неге екенін
өзім де білмеймін, əйтеуір
шашымның үлгісі оқушы
кезімнен осындай. Шынымды
айтсам, қазір шашымды
тақырлатып алып тастауды
ойлап жүрмін
(күліп).
Əншінің Қазақстандағы
ЮНИСЕФ-тің бірінші ерікті
Өнер-өнеге
ÁÀÒÛÐÕÀÍ ÀËÌÀÒÛËÛҚ
ÁÀÒÛÐÕÀÍ ÀËÌÀÒÛËÛҚ
ÒÛҢÄÀÐÌÀÍÄÀÐÌÅÍ ÆҮÇÄÅÑÒІ
ÒÛҢÄÀÐÌÀÍÄÀÐÌÅÍ ÆҮÇÄÅÑÒІ
елшісі екендігі де тілге тиек
етілді.
− Халық арасында
ЮНИСЕФ-ке елші болуға
кім лайық деген сауалнама
жүргізілген екен. Халықтың
басым көпшілігі мені атаған
көрінеді. Ол осыдан үш жыл
бұрын еді. Бұл – қоғамдық
жұмыс, ол жерде мен айлық
алмаймын. Басты мақсат
– балалар құқығын қорғау.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға
көмектесуге үлес қосу. Реті
келгенде мүмкіндігі шектеулі
балалардың еміне қажетті
қаражат үшін қайырымдылық
шараларын өткіземіз. Парла-
ментте де балалардың мəселе-
сімен сөз сөйлеген кездерім бар.
Кім де болсын қолынан келсе,
мұқтаж жандарға көмектесу
керек.
Əнші Батырхан Шүкенов өткен жұмада Алматыда концерт берді. Концерт М.Горький
атындағы Орталық мəдениет жəне демалыс саябағында жаңа амфитеатрдың ашылуына
орай ұйымдастырылған еді. Концерттің алдында «Меломан» дүкенінде əнші ағамыздың жаңа
альбомының тұсаукесері өтті. Альбом реалити-стерео форматында əзірленген. Сол арқылы
тыңдарман сапалы студиялық жазбасын тыңдап, əртістің былтырғы жылы мамырда өткен
концерттік бағдарламасын да көре алады. «Былтыр 30 мамырда өткен концертімде көрермендерге
камераға қарап күлімдеуден қысылмаңыздар, кейін өздеріңізді DVD-ден көресіздер деген едім. Сол
уəдемді орындадым. Жинақта Еркеш Шəкеев, Қуат Шілдебаев, Еркін Ынтықбаев сынды қазақ
сазгерлерінің əндері бар», – деп таныстырды жаңа жинағын. Алматыдағы кешінің бұрынғы
кештерден ерекшелігі туралы сұрастырғанымызда: «Ең бастысы, алматылық тыңдармандарым-
мен қауышамын. Пікірлесемін. Жаңа əндерімді орындаймын. Ол саябақтың сахнасының өзі
ерекше», – деп ағынан жарылды. Батырдың концерттері ешқашан арзан болған емес. Бұл жолы да
3 000-15 000 теңге аралығында болды.
Альбомның тұсаукесеріне келген жұртшылық əншіге сан түрлі сауалдар қойды. Тіпті, шаш
үлгісін де сұрады.
Сенің замандасың
«АЙГӨЛЕК» АРҚЫЛЫ ЕЛ ТАНИ БАСТАДЫ»
«АЙГӨЛЕК» АРҚЫЛЫ ЕЛ ТАНИ БАСТАДЫ»
дейді Әмина мен Ақбота
Əмина 8-де, Ақбота 7 жаста.
«Айгөлектегілер» Ақбота
мəтінді тез жаттап алуымен,
ал Əмина мəтінді өзіне
ыңғайлап редакциялап
алуымен ерекшеленеді
дейді. Бізге қонаққа келген
жүргізуші балалар түсірілім
барысындағы қызықтарын
айтып, болашақ
армандарымен де бөлісті.
Əмина АУТАЛИФ,
№140 М.Мақатаев атын-
дағы мектеп-гимназияның
2 «Г» сынып оқушысы:
Асылхан ағамен
ойнап жүреміз
Басында жан-жағым-
дағы камераға үйренбей,
үйге тезірек қайтып
кеткім келетін. Сосын
үйреніп алдым. Мені
бəрі еркелетеді. Тамара
Асар апай мені құшақтап:
«Айгөлек» саған
өмірлік сабақ
болады. Көп нəрсеге
үйренесің», – деп
ақылын айтады.
Қазылар алқасы əр
өнерпаз өнер көрсеткен
соң, олардың өнеріне сын
айтады. Ондайда əсіресе
əнші Ерлан Рысқали
ағамыз ұзақтау сөйлейді.
Менің аяғым талып,
қозғалақтап кетем. Сосын
қазылар сөйлеп болғанда,
қатысушыларға марапат
қағазын сахна сыртынан
мен алып келем. Сол сəтті
пайдаланып қалып, тез-тез дене
жаттығуларын жасап үлгерем.
Ой, сонда бір рахаттанып қалам
ғой. «Арқам ауырым кетті,
шаршадым» десем, Асылхан аға
арқама массаж жасап береді.
Ақбота
Ақбота
Кездесудің соңында əнші аға-
мызға арнайы ұландықтар үшін
балалық шағы туралы бір-екі
сауал қойдық. Ол арасында қа-
зақша жауап беруге тырысты.
Ұлан: Ал ең алғаш үлкен
сахнаға қашан шыққаныңыз
есіңізде ме?
Б.Шүкенов: Иə, 12 жасымда
«Артек» пионерлер лагерінде
əн байқауына қатысып, 1-орын
алғанмын. Ол – менің алғашқы
байқауым, алғашқы үлкен
сахнам болатын. Орыс тіліндегі
балалар əнін орындағам.
Ə дегеннен көптің көңілінен
шығып, жеңімпаз болғаныма
өзім де таң болғам. Мен сол
сəттен бастап көркемөнерпаздар
үйірмесіне, мектеп ансамбліне
қабылдандым. 10-сыныпта оқып
жүргенімде музыкант болғым
келетінін түсіндім. Содан бері
сахнадамын, ел алдындамын.
Қазақы
ырғақты бұзып
айтатындарға
қарсымын
Ұлан: Бала кезіңізде қандай
əндерді орындайтын едіңіз?
Б.Шүкенов: «Құсни-
Қорлан» əнін бала күнімнен
орындап келемін. Нұрғиса
Тілендиевтің əндерін
кішкентайымнан жақсы көремін.
Фольклорға ерекше мəн беремін.
Осы тұста бір ойымды айта
кетейінші. Заманауи əуен етемін
деп, қазақы ырғақты бұзып
айтатындарға қарсымын. Ондай
сипаттағы əндер ағылшын
тілінен қазақшаға аударылған
сияқты əсер қалдырады.
Ұлан: Шəкірт тəрбиелеп
жүрсіз бе?
Б.Шүкенов: Əзірге шəкірт-
терім жоқ. Мен көптен бері
елімізде Ұлттық дыбыс режис-
серлер мектебін ашу туралы
ой айтып жүрмін. Бірақ, ешкім
құлақ асар емес. Егер сондай
мектеп ашылса, мен де сол
жерде шəкірт тəрбиелер едім.
Əмина
Əмина
Қуыршақтарыма
көйлек тіге аламын
Биді жақсы көремін.
Сурет үйірмесі ұнамай қалды.
Сосын тігін тігуді үйрететін
үйірмеге бардым. Ол жерде
қуыршақтарыма түрлі көйлек
тігуді үйреніп алдым. Енді
шахмат ойнауды да үйрене
бастадым. Ал болашақта актриса
болсам деп армандаймын.
Ақбота СМАНОВА,
№140 М.Мақатаев
атындағы мектеп-
гимназияның 2 «Ə» сынып
оқушысы:
Түсірілім кезінде
әжемді сағынып,
жылап алғам
Түсірілімнің алғашқы
алты концертін əнші
Сембек Жұмағалиев ағамен
бірге жүргіздім. Сембек
ағаның қасында кішкене
қысылатын едім.
Ол кісі үлкен ғой.
Ал Асылхан ағаға
Əмина екеуміз əбден
еркелейміз. Ол
бізге демеу болып,
барынша көмектеседі.
Өзі сондай көңілді. Бізді
түсірілім барысында
ойнатып жүреді. Кейде
сахнада жүргізіп тұрып,
қасымдағы Асылхан
ағаға «Сартай аға» деп
қалған кездерім болды
(күліп). Алдымда екі
тісім жоқ болғандықтан,
кейде сөздерді анық
айтуда қиналдым.
«Номинация» сөзіне
тілім келмейтін. Бəрі
«нəминəссия» деп
айтты деп күлді. Соған
намыстанып, жылап қалғанмын.
Ал бір концертте бір қыз əже
туралы əн айтты. Мен ол əнді
орындаған қызға қарап: «Мен
де əжемнің қызымын. Əжеңді
сағынып жүрген сияқтысың
ғой?»– деп айтып, сол жерде
өз əжем еске түсіп, бір жылап
алдым. Сол күні кешке
Ұзынағаштағы əжемді дереу
қалаға шақырдық қой. Əжем
маған түйме қадауды, тігін тігуді
үйретті. Енді тоқыма тоқуды
үйретем дейді. Мен ол кісіге
əн айтып беремін. Əншілерден
Ақбота Керімбекова өте ұнайды.
Сол кісіге ұқсағым келеді.
Өскен кезде...
Домбыра тартуды үйренсем,
«Майраның əнін» орындайтын
едім. Көркем гимнастикадан,
биден жетістіктерге жетуді
армандаймын. Болашақта анам
сияқты «Қағанатта» (асханалар
желісі – Қ.Д.) бастық болғым
келеді. Себебі, ол жерде
көптеген дəмді ас əзірленеді.
Болмаса, тіс дəрігері болатын
шығармын. Өйткені, өткенде
өзімнің тісіме құрт түскенде,
стоматолог емдеп берді. Мен де
сөйтіп тісі ауырған балаларға
көмектескім келеді.
№37, 16 қыркүйек 2014 жыл
№37, 16 қыркүйек 2014 жыл
6
СЫРСАНДЫҚ
Жандос БАЙДІЛДА
ПОШТАБАЙ
ПОШТАБАЙ
(хикаят)
С
ур
ет
ін
с
ал
ға
н
Қ
.С
ар
ин
ов
Су
ре
тін с
алған Қ.С
аринов
аң рауандап атты, бəрі-
нен бұрын əдеттегідей
Қарауыл ағай келді.
Қыста отынын жағып,
айналасын тазалап отырады.
Бұрын үлкен қызметте істеген
кісі деп естігені бар. Поштабай
ол кісімен күнде көрісіп жүрсе
де, шын атын білмейді екен.
Жұрттың бəрі «Қарауыл ағай»
дейді.
– Түнің тыныш өтті ме,
Поштабай? – деді сəлемдесіп
болып.
– Иə, аға, бірақ... Мына
бір хатты оқыңызшы! – деді
Поштабай жұтынып.
– Қане, бер! – деп Қарауыл
ағайы қалтасынан көзілдірігін
шығарып, хатқа үңілді. Ара-
сында басын шайқап қойғанын
да Поштабай көріп отыр.
– Бұл қашан келген хат? –
деді Қарауыл ағай.
– Бүгін түнде оқыдым,
қазір Айжан келген соң сұрау
керек, соның үстелінің үстінен
тауып алдым, – деді Поштабай
мұңайып.
– Иə, сұрап біл, байғұс
балаға көмектеспесе болмас!
Осы жерге үміт артып, хат
жазып отыр ғой, – деп
Қарауыл ағай ақылын айтты.
– Иə, мен бұл баланы тауып
аламын. Араша түсемін! – деді
Поштабай өзіне жəне Қарауыл
ағайға уəде бергендей.
– Өзі ересек адамдар құсап
жазады екен, қу жетімдік-ай,
баланы да ерте есейтіп жібере-
тінін қарашы! – деп Қарауыл
ағай күрсініп қалды.
Поштабай əкесінің басына
белгі қоймадым деп өзін іштей
жеп жүрген еді, енді оның
бəрін де ұмытты. Көп ұзамай
Айжан да келді.
«Бұл хатты кеше бір оқушы
үн-түнсіз тастап кетті. Хатта
мекен-жайы да көрсетілмеген-
діктен үстелдің бір шетіне
қоя салдым», – деп хаттың
поштаға түсу тарихын баяндап
берді. Поштабай Айжанға мəн-
жайды түсіндіріп, жұмыстан
іздеп жатса түстен кейін
болатынын білдірді.
Алып-ұшып, əл-Фараби
көшесіндегі 15-ші үйді тауып
алды. Таңның атқанына екі
сағат өтсе де, есік алдында
жыбыр еткен жан жоқ. Еш
ойланбастан есікті қақты. Оң
қолында əлгі баланың хаты.
Есікті дүрсілдетіп ұзақ тұрды,
сонда барып ұйқыдан жаңа
тұрған отағасы дембелшең
күйінде көзін қолымен
уқалап тұрып есікті ашты. Ар
жағынан шашы ұйпа-тұйпа
болып келіншегі де шықты.
«Бұл кім-ей?» деген даусынан
долылығы анық сезіледі.
– Менің есімім Пернебай,
мен мына хат бойынша келіп
отырмын, – деп мəн-жайды
түсіндірді. Поштабай бір
жағынан əлгі еңгезердей
келген отағасының қамаудан
босап, үйінде жүргеніне
іштей қуанды. Үйге кіріп,
дастарханнан дəм ауыз тиюін
өтінді. Жеңгесі болмаса, ағасы
жаман кісі емес сияқты.
– Мен бəрібір де сенбеймін,
ол сағатты жұдырықтай
сауысқан қалай ұясына апара-
ды, айтыңдаршы? Сауысқан
үшін ауыр емес пе ол? – деді
келіншегі ашуланып, бір жағы
ұйқысын бұзған бейтаныс
жігітке өкпелегендей кейіп-
пен. Оның бар уайымы айна-
ласындағы адамдардың өсегі
еді. «Кеше ғана байым əперді
деп жүр еді, сондағысы ұрлан-
ған сағат па? Бəсе, оның байы
қай ақшасына алып берді
деп ем!» деп көршінің əйелі
құлағына күбірлеп жатқандай.
– Болды енді, сол сағатты
мақтанышпен тақтың ғой неше
күн, енді келіп шағымдануын...
Қысқасы, ол сағаттың иесі
осы көшенің ең аяғындағы
үш қабатты қызыл кірпіштен
салынған үйде тұрады екен.
Менің жазықсыз екеніме көзі
жетті, бірақ.... Бірақ, Сағиды
соттатамын деп отыр. Күйеуі
де, өзі де қолы ұзын адамдар
екен, – деді ағасы мұңайып.
Əлгі хат иесінің ныспысы Сағи
екенін білді. Поштабайды
алаңдатқан дүние əлгі үш
қабатты қызыл кірпішпен
салынған үй еді. Ол үйде
Сағидың жеңгесінен де асып
түсетін долы əйел бастығы
тұрады. Ал, ендеше!
Сағидың ағасымен далаға
шығып, оңаша сөйлесті.
– Қазір Сағидың өзі қайда?
– деді Поштабай.
– Кеше үйге қонбады,
жеңгесіне ренжіп заттарын
жинап кетіп қапты, өзім
түнде кеш келгендіктен іздеу
салмадым, – деді ағасы.
– Қайда болуы мүмкін?
– деп Поштабай əлі де Сағи
үшін алаңдаулы.
– Ол жағын білмедім,
осыдан бір жыл бұрын жеңгесі
батырып сөйлеген соң үйді
тастап, вокзалдан тауып
алған едік. Əке-шешесінен
айырылған соң аздап сөз
көтере алмайтыны бар.
Жеңгесі ұрсады, қояды. Оған
бола ренжімеу керек қой, –
деді əйелін қорғаштап.
– Рахмет ағасы, тағы бір
айналып соғармын ендеше,
– деп Поштабай вокзал
жақты бетке алды. Қолына
кітаптары мен киімдерін
арқалаған баланы көрсе еріксіз
құшағына қысып, мейірімін
білдірсем деп ойлады. «Сенің
қамқоршың да, жақының
да бүгіннен бастап мен!»
деп құлағына қайта-қайта
сыбырлағысы бар. Əттең,
вокзалдың айналасын түгелдей
тінтігенмен, таба алмай, тауы
шағылып жұмысына барды.
Айжан мен Қарауыл ағайға
мəн-жайды түсіндіріп, көмек
сұрады. Бастықтан бəрі де
тайсалатын. Тек қарауыл
ағай ғана «Үшеуміз бірге
бастықтың алдына кіріп,
болған нəрсені болған күйінде
түсіндіреміз. Сөзіміз бір
жерден шықсын! Кекештеніп,
сөзден мұқалып масқарамды
шығармаңдар. Əрі кетсе,
мені жұмыстан қуар, ал
сендердің болашақтарың
алда!» – деді Қарауыл ағай
жылылық танытып. Поштабай
іркілместен келісімін берді, тек
Айжан ғана «осы пəлеге менің
не қатысым бар еді?» дегендей
екіұдай күйде қалды.
– Тонымызды шешіп алмас,
көп болса ұрыс естиміз, – деді
Қарауыл ағай.
– Иə, ол да адам баласы
ғой, түсінер, – деп Поштабай
Айжанның сенімсіздігін
жойғысы келді.
Бастық орнында екен.
Көңіл-күйі жаман емес.
Сірə, гауһар сағатының
табылғанына қуанып отыр-
ғандай. Үшеуі кіріп келгені сол
еді:
– Əй, Поштабай, қайда
жүрсің? Мен саған бір айлық
көлемінде сыйақы қойдым,
сенің осы жерге еңбегің
сіңді, бірақ мақтады екен деп
түске дейін жұмысқа келмей
тайраңдауыңды қой! –
деді салған жерден. Үшеуі
не үшін кіргенін білсе де,
іркіліп қалды. Поштабайдың
бастығына деген мейірімі
оянып, не айтарын білместен
Қарауыл ағайына жалтақ-
жалтақ қарай берді. Қарауыл
ағай бір жөткірініп алып:
– Кеше Поштабай осы
жерден хат тауып алыпты, –
деді.
– Иə, ол хатты маған кеше
бір оқушы тастап кеткен, –
деді Айжан қорқынышын
жеңгісі келгендей.
– Ол не хат тағы да? –
деді бастығы бұрын арыз-
шағымнан біраз зардап
шеккені қылаң беріп.
– Мына хат қой! – деді
Поштабай қалтасынан
шығарып.
– Əкел бері! – деді бастығы
сөзді созбай. Айжан қол
жалғап, хатты бастығына
жеткізді. Бастығы хатты
ішінен оқыса да, Поштабайға
жаңғырып шығып тұрды. Ол
хатты бір-ақ мəрте оқыса да
үтір-нүктесіне дейін жаттап
алған еді.
– Бұл бала қайда өзі? – деді
бастығы сəл аптығын басып.
Мəн-жайды енді түсінгендей
бір күліп, бір мұңайды.
– Мен сағатымды балконға
шешкенімді білемін, сосын
қалай қолды болғанына миым
жетпей қойып еді. Қас-қағым
сəтте жымқырған қандай
жылдам ұры деп ойлағаным
да рас. Сөйтсем, ұры сауысқан
екен ғой, – деп күліп алды.
Күлкісінің ар жағынан аяныш
лебі ескені дуылдаған жүзінен
байқалады.
– Оның есімі Сағи екен.
Түске дейін іздеп, таппай
келдім, – деді Поштабай.
– Нууу, Поштабай,
сен азаматтық жасадың!
Заслуженно получил премию!
– деді жымиып. Қара аспанды
төндіріп, сонша уайыммен
келгендегісі бір сəтте-ақ
шешімін тапқаны Поштабайды
желпіндіріп тастады.
Өркөкірек, менменшіл басты-
ғының да адам тағдырына
келгенде мейіріммен қарайты-
нына көзі жетті.
Поштабай жұмыстан ерте
шығып, вокзалдың айналасын
тағы да шарлап шықты.
Қуыс-қуыстарды тінтіп,
қарамаған жері жоқ. Сол
маңдағы саудагерлерден
сұрастырғанмен, қажетті жауа-
бын ала алмады. Жол-жөне-
кей Сағидың ағасы мен жеңге-
сінің үйіне тағы соқты. Сағи
келмепті, олар іздемепті.
Отағасы немере інісінің өзіне
емес, қайдағы бір пошташыға
керек болғанын енді түсінген-
дей:
– Жарайды, мен өзім тағы
да іздермін. Сіз үйіңізге барып
демала беріңіз, кешелі бері
шаршаған боларсыз, – деді.
Келіншегі де өзін кінəлі сезі-
ніп, терезенің ар жағынан əңгі-
мелерін ұрланып тыңдап тұр.
Поштабай бүгін түскен
сыйақысының белгісі ретінде
жолдан тəтті-мəтті жəне
анасына гүл алды. Бұрын
анасына жылы сөйлеуге,
сый-құрмет жасауға ұялатын.
Бүгін ұяттың бəрін жиып-
теріп, өзінің қамқоршысы да,
жақын адамы да бар екенін
білді. 9 қазан – Дүниежүзілік
пошта күніне рахметін айтты.
Сол мереке болмаса жұмысқа
қонбас та еді, сыйақы болмас
та еді...
...Арада бір аптадай уақыт
өтті. Сағиды ойлап, көңілі
байыз таппай жүрген еді.
Бастығы да Поштабайды
бөлмесіне шақырып: «Əлгі
баладан жаңалық бар ма?» –
деп күнде сұрайды. Бүгін
таң атпастан тағы да сұрады.
Поштабай жұмыстан соң
əл-Фараби көшесіндегі 15
үйге тағы да соғып, Сағидың
бар-жоғын білмекші болып
жоспарлаған. Сол сəтте
Айжан: «Поштабай, саған хат
келді!» деді сүйінші сұрап.
Поштабай «Таң атпай келген
ол не хат болды екен?» деп
жанталаса хатты ашып, тағы
да бірінші сөйлеміне көзі түсті.
Өзі бар жоғы төрт-бес сөйлем
ғана екен.
«Мен қазір нағашы жұр-
тымдамын. Сіздің мен үшін
қалай безек қаққаныңызды
сырттай біліп жүрдім. Бар-
лығына сауысқан кінəлі!
Рахмет сізге, Поштабай!» –
депті хатында. Поштабай
жауды жеңген батырдай
əруақтана айқайлап, шын
қуанғысы келді. Жоғары
оқуға өз білімімен түскеннен
кейінгі ең үлкен қуанышы
осы болатын. Сол сəтте
Поштабайдың кеудесін əлдебір
мақтаныш кернеп тұрды!
– Ертең сенбі, су жаңа
кəстөм-шалбар алмасам
осыдан! – деді тоқмейілсіп...
(Жалғасы.
Басы өткен санда)
|