Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Мұғалім қандай болуы керек?
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт.
27
Екіншіден, мұғалімнің ой – өрісі кең, жан – жақты білімді, өз мамандығына сай оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушылар мен әдептілік қарым – қатынаста болғаны жөн.
Төртіншіден, мұғалім теорияны практикамен байланыстарын, ғылым мен практиканы озат іс – тәжірибелерін әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалануы қажет.
Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен білімін, дайындығын толықтырып отыруы шарт. Осы талаптарды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса, мұғалімнің күш – қуаты, көңіл – күйі әрдайым жоғары болады да, сабағының сапасы артып, еңбегі әрдайым жаңа түседі.
Сабақты ғылыми – әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс. Оқыту жұмысы тақырыптық және сабақ жоспары бойынша жүргізіледі. Тақырыптық жоспар оқу бағдарламасы, оқулық , оқу құралдары негізінде жарты немесе толық оқу жылына жасалады. Сабақ жоспары – бұл әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі формасы.
Жасалған сабақ жоспары бойынша мұғалім:
а) сабақ тақырыбы бойынша оқулықты, оқу құралын және түрлі қосымша әдебиеттерді пайдаланып , өзінің білімін (дайындығын) тексереді;
ә) алдын-ала есептер шығарады, жаттығуларды дайындап, тәжірибелерді істейді.
б) жабдықтарды тексереді.
Сабақты егжей-тегжейіне жете қарап өткізуді дұрыс ойластыру, оның мақсатының табысты болуының кепілі. Сабақты жоспарлау негізінде өткен сабақтардың нәтижелерін есепке алып, мұғалім әрбір сабаққа дайындалады. Ең алдымен сабақ тақырыбын және оның міндеттерін анықтайды. Сабаққа дайындалудың басты компоненттерінің бірі – оқу материалын таңдап алу. Бұл жерде сабақтың идеялық-теориялық бағыты анықталады, сабақта негізгі идеялар, ұғымдар заңдылықтар, тарихи және политехникалық мәліметтер айтылады. Мұғалім сыныпта оқушылардың танымдық
іс-әрекетін ұйымдастыруды ойластырады, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен функцияларын пайдаланады.
Сабақта оқыту әдістерін тақырыптың мазмұнына, оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес таңдап алу, сол сияқты көрнекі және техникалық құралдарды күні бұрын дайындау сабақ мақсатының жемісті болуының негізгі шарттарының бірі.
Келесі сабаққа дайындалу үшін бүгінгі өткен сабақты талдау қажет. Талдауда қандай мәселелерді еске алған жөн:
Тақырып мазмұнын оқушылар қалай игереді;
Сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;
Сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешіледі;
Сабақтың жақсы жақтары мен кемшіліктері;
Сабақ процессінде болған кемшіліктерді келесі сабақтарда болдырмау жолдары.
Сабақты осындай тәсілдерді пайдаланып өткізу мұғалімнің ғылыми-әдістемелік, зор педагогикалық шеберлігін сипаттайды. Ал педагогикалық шеберлік дегеніміз оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекше өнері.
Педагогтық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдарын атауға болады.
Ең алдымен мұғалім ғылыми философиялық ілімді табандылықпен оқып үйренуге тиіс. Өйткені мектептегі оқу және тәрбие жұмысының жемісті, әрі нәтижелі болуы мұғалімнің жалпы сауаттылығы мен идеялық ұстамдылығына байланысты.
Мұғалім мамандығы бойынша өз пәнін қазіргі заманғы ғылым мен техниканың өскелең талаптарына сәйкес дәрежеде білуге тиіс. Ғылым дамыған сайын болжамдардың дәлелденіп, теорияға айналуы және жаңа фактілер мен заңдылықтардың ашылуы кеңейген сайын мұғалімге қойылатын талап та арта түседі.
Мұғалім институттан алған білім көлемімен шектеліп қалмайды. Ол өз пәніне байланысты әдебиеттерді үнемі зерттеп, терең білуге тырысады, оларға библиография жасап отырады. Мұның бәрі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері мен формаларын шығармашылықпен пайдалануға зор мүмкіндік береді. Мұғалім пәнаралық байланыс принципін іске асырудың сара жолдарын іздестіреді. Сондықтан, ол өз пәніне тікелей
қатысты бар пәндердің оқу материалдардың бағдарламаға сәйкес жетік білуі тиіс. Шектес пәндер материалдарын сабақ үстінде жүйелілік және логикалық бірізділікпен байланыстырып өту үшін мұғалім арнаулы жоспар жасап онда оқу бағдарламаларына лайық пәнаралық тақырыптарды сыныптар бойынша іріктеп алады да, олардың өту мерзімдерін нақты көрсетеді. Мұғалім өз пәнін терең біліп қана қоймай, оны оқытудың әдістері мен тәсілдерін де үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Ол озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен танысады. Педагогикалық оқуларға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады. Мұғалім, әсіресе өз мамандығына байланысты және жаңадан шыққан әртүрлі әдістемелік еңбектерді үнемі оқып зерттейді, тиімді етіп пайдаланудың әдістерін, сара жолдарын іздестіреді. Шығармашылық іс-әрекеті алгоритмнен, үлгіден, формализмнен аумаушылықты көтере алмайды. Шығармашылық бұл эвристикалық іс-әрекетті, оның мәні, негізгі идеялалары тез түсініп ұғыну істің кенеттен шешілу жолдарын табу. Оқушыларды шығармашылық ойлауы проблемалық ситуатциядан басталады. Проблемалық ситуатция деп пайда болған құбылыстарды фактілерді адамның түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан қиыншылық қабылдаған білім жәнге іскерлік негізінде адамды жаңа әдістерді немесе істі іздеуге, түсіндіруге талаптандырады.
Ақыл-ой әрекеті толық циклының проблемалық пайда болуынан проблеманың шешілуіне дейін мынандай кезеңдер болады:
Проблемалық ситуатцияның пайда болуы;
Проблеманы –сұрақты қою және оның қиыншылық мәніне жете түсіну;
Болжау арқылы шешім тәсілдерін табу;
Болжамды дәлелдеу;
Проблема шешімінің дұрыстығын тексеру;
Проблеманы оқыту процесінде мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды; түрлі тапсырмалар береді. Бұлардың бәрі проблемалық ситуацияны туғызады. Осылардың нәтижесінде әрбір оқушы сұраққа жауап беруге немесе проблеманы шешуге тырысады.
Проблема проблемалық ситуация болып саналады, бірақ әртүрлі проблемалық ситуация проблема бола алмайды. Мысалы,
3-сынып оқушысына өзеннің бір жағасында тұрып, оның енін қалай өлшейді деп сұрақ қойса, ол сұрақтың мәнін ұғып оны шешу үшін дәрменсіз болады. Бұл жерде проблемалық ситуация пайда болды, бірақ ол проблема бола алмады. Себебі, оны шешу үшін оқушының білімі, тәжірибесі жеткіліксіз болды. Бұл жерде проблемалық ситуация туды да, ол проблемаға айналды. Өйткені оқушылардың химия пәнінен алған білім проблеманы шешуде игі әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: |