Сабақтың бөлімі Зобалаң заман шындығы Сабақ тақырыбы Қадыр Мырза Әли өлеңдері



бет2/3
Дата09.10.2024
өлшемі141,7 Kb.
#147329
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1 сабақ Еңбек нарығы

Жеті қазына Жеті күн
1. Ер жігіт 1. Бүгін
2. Сұлу әйел 2. Ертең
3. Ақыл, білім 3. Бүрсігүні
4. Жүйрік ат 4. Арғы күн
5. Қыран бүркіт 5. Ауыр күн
6. Берен мылтық 6. Соңғы күн
7. Жүйрік тазы 7. Азына (дәптерге жазып алу)
3 топ. Ізденушілер тобы.
Сұрақ. «Жеті ата», «Жеті ұрпақ» туралы не білесіңдер? «Жеті атаңды» білесің бе?
Жауап. «Жеті ата» - бір кісіден тараған аталас қауым. Бала жеті атасын білу керек.
Өз жеті атасын атау.
Жеті ата Жеті ұрпақ
1. Бала 1. Әке
2. Әке 2. Бала
3. Ата 3. Немере
4. Арғы ата 4. Шөбере
5. Тек ата 5. Шөпшек
6. Түп ата 6. Немене
7. Баба 7. Туажат (дәптерге жазып алу) (буклет).
4 топ. Шығармашылар тобы.
Сұрақ. Құрамында жеті саны бар қандай жер аттары бар?
Жауап. Алматы, Талдықорған өңірі Жетісу деп аталады. Жетісудың табиғаты көркем, жері өте бай, әрі құнарлы. Ол – « Жер жаннаты» деп аталған өлке. Жетісудың жеті өзені бар болғандықтан Жетісу деп аталған. Жетісудың жеті өзеңдер: Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратау, Іле, Шу. Жетісуда Алматы, Талдықорған, Текелі, Талғар қалалары орналасқан. Алакөл мен Іле арасындағы тау Жетісу Алатауы деп аталады. Жетісуда Қазақстанның екі үлкен қорығы бар. Олар: Алматы қорығы және Алакөл қорығы.
Мұғалім сөзі: ДҰРЫС! Жетісу өңіріндегі Іле өзені және Әнші құм туралы өз мәліметтерін оқушылардан тыңдайық.
1. Іле өзеңі – Жетісу өңіріндегі жеті өзеннің ішіндегі ең ірісі. Тәңіртау мұзарттарынан бастау алып,Қытай жеріне кіріп, Күнгес, Текес өзендеріне қосылып қайта Қазақстанға өтіп, Балқаш көліне құяды. Жалпы ұзындығы (Текеспен қосқанда)1439 шақырым, оның 802 шақырымы республика аумағында.
2. «Әнші құм» - Іле өзені аңғарының оң жағасын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан және Кіші Қалқан таулары етегіндегі құмды төбе. Биіктігі 150 метрдей, ұзындығы 8 шақырымдай, ені 3 шақырымдай. Құм жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас ән естуге болады. «Әнші құм» Алтынемел ұлттық табиғи саябағы құрамына кіреді. Табиғат ескерткіші ретінде мемлекет қамқорлығына алынған. Ол Алматы қаласынан 182 шақырым шығыста жатыр.
3. «Жетісу - жер жаннаты» төрт шумақ өлең.
5 топ. Шығармашылар тобы.
Сұрақ. Қазақта тағы қандай киелі сандар бар?
Жауап. Қазақта үш, төрт, бес, алты, жеті, он екі, қырық деген киелі сандар бар. Он екі қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Қырық саны да киелі сан. «Сәби дүниеге келді» деген салт-дәстүрге тоқталатын болсақ, сәбиді қырық күн толғанда «Қырқынан шығару» деген ырымы жасалған. Қырқынан шығару туралы айту. (буклет).
6 топ. Ізденушілер тобы.
Сұрақ. 1. «Жеті мәрте есептеп, бір кеседі» деген өлең жолына мағыналас мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Жауап. Мақал-мәтелдер:

  1. Жетіге жеткенше жерден таяқ жейсің.

  2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл.

  3. Жеті атасын білмеген жетесіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет