Бірінші реттік құрылым - (слаид №4)ақуыздардың полипептидті тізбек түрінде түзілуі, ол аминқышқыл қалдықтарының арасында пептидтік байланыстың түзілуімен сипатталады. Бірінші реттік құрылымда ақуыз молекуласында аминқышқылдарының орналасу реттілігі ДНК молекуцласындағы нуклеотидтердің орналасу реттілігімен анықталады.
Екінші реттік құрылым. (слаид №5) Бірінші деңгейдегі құрылымның спиральданған түрі. Бір орамдағы NH топтары мен келесі орамдағы СО топтары арасында түзілетін сутектік байланыстар арқылы орындалады және оралым ұсталып тұрады.
Үшінші реттік құрылым. (слаид №6) Екінші реттік құрылымды ақуыздың глобулаға жиырылу нәтижесінде түзіледі. Спиральды ақуыз екіге бүктелгенде шар тәрізді пішін түзіледі.
Төртінші реттік құрылым. (слаид №7) Өте күрделі, бірнеше шумақталған оралымынан құралады, яғни төртінші реттік құрылым бірнеше ақуыз молекулаларының қосындысы.
Химик: Ақуыздың құрылымдық деңгейінен оның физикалық және химиялық қасиеттері шығады.
Ақуыздың физикалық қасиеттері. 1. Ақуыздар әдетте түссіз, тек қанның гемоглобині ғана қызыл түсті. Кейбір ақуыздар кристалдық күйде алынуы мүмкін. (мысалы, желатин-мал сүйегінен алынатын дәмі, иісі жоқ мөлдір желім).
2. Кейбір ақуыздар суда ерімейді, ал екіншілері ериді.
3. Кейбір ақуыздар ісінуге қабілетті.
Ең алғаш рет жәй ақуызды заттар-гипофиздің гармондары вазопрессин мен окситоцил алынды, ол 9 амин қышқылдарының қалдықтарынан тұрады. Инсулин 51, рибонуклеаза 124 амин қышқыл қалдықтарынан тұрады. Ақуыз синтездеудегі аса зор табыстарға инсулин рибонуклеазаны алу жатады. Ғалымдар биосинтез бен жасушаларда болатын үрдістердің заңдылықтарын толық меңгерген кезде жасанды жолмен ақуыздар алу мәселесі толық шешіледі.
Ақуыздардың химиялық қасиеттері. Химик: Ақуыздарға түрлі заттар қалай әсер етеді? Қыздырғанда қандай өзгеріс байқалады? Бұл сұрақтарға жауапты тәжірибеден табамыз.
«Ақуыздардың денатурациясы».(слаид №8 ) Тәжірибе барысы: Тауық жұмыртқасының ақуызын пробиркаға құйып, қыздырамыз.
Байқалды: Қыздырғанда ақуыз көмірленеді, ал пробирка қабырғасында су тамшылары пайда болады.
Қорытынды: Қыздыру кезінде ақуыз қайтымсыз іруге ұшырайды. (қорытындысын оқушы жасайды).
Денатурация-сыртқы факторлардың әсерінен ақуыз макромолекуласының екінші, үшінші және төртінші реттік құрылымының бұзылуы.