III. Жаңа материалды меңгеру: Химик: Аминқышқылдары өзара қосылып, қандай биополимерді түзеді? Әрине, ақуыздарды. Олай болса, бүгінгі сабағымыз ақуыздар туралы болмақ.
Жоспар: (слаид №1) Табиғаттағы ақуыз. Атқаратын қызметі.
Ақуыздың құрылымдық деңгейлері.
Ақуыздың қасиеттері.
Ақуыздың алмасуы.
Биолог: Азотты үлкен молекулалы табиғи заттардың бірі-ақуыздармен танысамыз. Ал ақуыздар ағза құрамының ең маңызды бөлігі болып саналады.
Сұрақ: 1. Табиғатта ақуыз қай жерде кездеседі?
2. Ақуыз қандай қызмет атқарады? (слаид №2 «Ақуыздың атқаратын қызметі») Химик: аминқышқылдары ақуызды түзуші кірпіштер, XX ғасырдың басында ақуыз құрылысын зерттеумен неміс ғалымы Э.Фишер айналысты. Э.Фишер ақуыз құрамындағы аминқышқылдары бір-бірімен амидтік немесе пептидтік байланыс жасап орналасатынын ашты.
Оқушы Э.Фишердің өмірі мен қызметі туралы хабарлама жасайды. (слаид №3)
Оқушыларға қатар бойынша дипептид және трипептид түзілу реакция теңдеуін жазуға тапсырмалар беріледі.
Биолог: Тіршіліктің негізі-ақуыздар. Ақуыз жоқ жерде тіршілік те жоқ. Ф.Энгельстің айтуынша: «Тіршілік дегеніміз-белокты дененің өмір сүру тәсілі ».
Жасуша мен ұлпа құрамында 170-ге жуық әртүрлі аминқышқылдары кездеседі. Ақуыз құрамында осының тек 20-сы бар деп есептеледі.
Өсімдіктер оған қажетті барлық аминқышқылдарын фотосинтез кезінде немесе топырақтан азотты қабылдау кезінде, жалпы метаболизм процесінде түзеді. Жануарлар олардың тек жартысын ғана жасап, қалғандарын дайын күйінде тағаммен қабылдайды. Жануарлар жасушасында синтезделмейтін аминқышқылдарды алмастыруға болмайтын деп атайды, олар тек қорекпен ғана түседі, ал жануарлар жасушасында түзілетін аминқышқылдар алмастыруға болатын деп атайды.
Бірнеше аминқышқылдарынан тұратын қосылыстарды полипептидтер деп атайды. 3-8 аминқышқылынан тұратын ақуыздар да кездеседі, 300-800 аминқышқылының қалдығынан тұратын ақуыздар белгілі, мысалы: Мr (инсулин)=5700;
Мr (жұмыртқа альбумині)=36000.
Әрбір ақуызға өзіндік ерекше геометриялық пішін, құрылым тән.Ақуыз химиясының тарихы бәлкім 1745 жылы «Ақуыз ғылым және өнер институтының хабарламаларында » итальяндық Беккридің жарияланған жұмысымен басталған болар. Бидай ұнынан бұрын белгісіз зат алғанын ғалым осы еңбегінде хабарлаған. Ғалымдар ең қарапайым ақуыз-инсулиннің молекуласының құрылысын ашқанша 20 жылдан аса уақыт өтеді.
Атқаратын қызметінің шеңберінің кеңдігі, олардың химиялық құрылымының және кеңістік пішінінің молшылығымен сипатталады.Осыған байланысты ақуыз макромолекуласының күрделі құрылымында бірнеше деңгейлер болады: