Сабақтың жоспары Бұлшық ет түрлері. Бұлшықет талшықтарының құрылысы. Бұлшық еттің жиырылуы және оның түрлері


Тірек-қимыл аппаратының тетікігі (рычаг) мен буындалуы



бет6/9
Дата10.02.2023
өлшемі1,08 Mb.
#66691
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
7 Практикалық сабақ БҰЛШЫҚ ЕТ БИОФИЗИКАСЫ

Тірек-қимыл аппаратының тетікігі (рычаг) мен буындалуы

Бұлшықеттердің күш-жігерін бағалай отырып, олардың сүйектерге деген бекітілу ерекшеліктерін ескеру керек. Қанқа сүйектері, белгілі бір нүктелерде бекітілген бұлшықеттермен қатар, адамның тірек-қимыл аппараты болып табылады. Бұлшықеттердің жиырылуынан туындайтын тартылыс күші, буындардағы тірек тетіктер ретінде сүйектердің қозғалысын қамтамасыз етеді.


Тетік (рычаг) деп айналу осі бар қатты денені атайды. Ол, мына теңдеумен сипатталады: M= F∙b
Мұнда, М-күш моменті (сәті), b күштің F иық тетігіне тең, F-күш. Сурет-13.




13- сурет. Тетік сызбасы.
О- айналу осі, b- иық тетігі.


Тетіктің екі түрін ажыратады: бірінші ретті тетікте күш бір бағытқа бағытталған және тірек нүктесі (айналу осі) күш салынған нүктелер арасында орналасады. Мұндай, тетіктің тепе-теңдік шарты болып күштердің теңдігі болып саналады: R∙b = F∙a (14а - сурет). Екінші ретті тетікте күш кері бағытқа бағытталған, ал айналу осі қосынды күш нүктесінің бойында орналасқан. Ал, осының тепе-теңдік шарты: F∙a= R∙b тең (14б -сурет).


а) б)
Сурет.14 Тетік түрлері.


Тетіктің үш түрін қарастырайық:
1) Әрекет ететін күштердің F және кедергі күші R нүктелерінің арасында орналасқан кезде. Тетіктің тепе-теңдік шарты: Fа = Rb.



15- сурет. 16- сурет.


Суреттегі, R - бастың ауырлық күші; b – оның иіні; F - бұлшықет пен байламдардың шүйде сүйегіне керілу күші; а - оның иіні.


Мысалы: сагиталь жазықтықта көрсетілген бас сүйегі. Сагиталь жазықтығы – алғы-артқы осі жағында орналасқан. Сагиталь жазықтықтары (жалған) дененің бойымен тігінен өтеді; тек орта сагитальдық жазықтық оны екі симметриялық жартыға бөледі. Айналу осі О бас сүйектің бірінші омыртқасымен будандасқан аймағына арқылы өтеді. R - бастың ауырлық күші. F - бұлшықет пен байламдардың шүйде сүйегіне керілу күші (15- сурет).


2) Тіреу нүктесі үшін R кедергі күші қолданылу нүктесінен тыс жерде болғанда және F күші тетіктің соңына орнатылғанда, тепе-теңдік шарты мынағаган тең болады: Fa = Rb, бірақ а > b, сондықтан F > R. Яғни тетік күшін арттырады, алайда қимыл күшін жоғалтады да, күштің тетігі немесе тетік күші деп аталады.
Мысалы: табан сүйектерінің айқасуы. Тіреу нүктесі О ретінде-табан сүйектері (плюсневые кости) қызмет атқарады. F – дененің көтеруін қамтамасыз ететін бұлшықет күші, ол ахилл сіңірі арқылы өкше сүйегіне өткізеді (16-сурет).
3) R күшіне қарағанда, F күші тіреу нүктесіне жақын.



Тетіктің тепе-теңдік шарты: , бірақ, а < b, сондықтан, F > R, яғни тетік күші төмендейді, алайда қимыл күшін артырады да, жылдамдықтың тетігі немесе тетік жылдамдығы деп аталады.
Мысалы: білек сүйектері. Тіреу нүктесі О шынтақ буында орналасқан. F – білек сүйектеріндегі бұлшықет бүгілу күші, R – білезікке түскен салмақтың ауырлық күші және білектің ауырлық күші. Яғни, R кедергі күштерін еңсеру үшін F бұлшықет күші тетіктің осіне бағытталған бұлшықет бұрышынан үлкен болуы керек. Сондықтан, адам бүгілген білекпен ауыр салмақты заттарды көтере алады, ал білектің жазылған күйінде керісінше, аз салмақты көтереді.
Сүйек — адамның денесіндегі негізгі жанды мүше болып табылады. Ол өзінің қаттылық қасиетінің арқасында денені қимылға келтірумен бірге тіректік қызмет атқарады. Буындардың қосылыстың негізгі механикалық сипаттамасы – еркіндік-қимылды дәрежесі. Еркіндік-қимылды дәрежесіне қарай 1, 2 және 3 дәрежелі болып бөлінеді:
Шынтақ буыны – бір дәрежелі;
Кәріжілік-білезік буыны – екі дәрежелі;
Жамбас буыны (ұршық буыны), жауырын-трапециялық үшбұрыш буындасуы – үш дәрежелі (бүгуі мен жазылуы, келтіру және алшақтау, айналуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет