2.Көңді көң қоймасына жеткізудің транспорттық құралдарын есептеу.
Ең алдымен, көңді көң қоймасына жеткізу әдісі туралы мәселені шешу қажет: мобильді немесе стационарлық техникалық құралдармен. Көңді жеткізудің таңдалған әдісі үшін техникалық құралдардың саны есептеледі.
Көң қоймасына көңді жеткізудің стационарлық құралдары техникалық сипаттамаларына сәйкес, мобильді техникалық құралдар – есептеу негізінде таңдалады. Мобильді техникалық құралдардың қажетті өнімділігі анықталады:
, (7)
мұндағы – фермадағы барлық жануарлардан шыққан тәуліктк көш шығымы, т;
– тәулік ішіндегі техникалық құралдардың жұмыс уақыты, сағ.
Таңдалған маркадағы техника құралының нақты есептік өнімділігі анықталады:
, (8)
мұндағы – техника құралдарының жүк көтерімділігі, т;
– бір рейстің ұзақтығы, сағ.
Бір рейстің ұзақтығы келесі формула бойынша анықталады:
(9)
мұндағы – транспорт құралына тиеу уақыты, сағ;
– түсіру уақыты, сағ;
– жүкпен және жүксіз қозғалу уақыты, сағ.
Сақтау қоймасы жоқ әрбір мал шаруашылығы ғимаратынан көң тасымалданатын болса, онда әрбір ғимаратқа бір-бір арба болуы қажет, ал (8) формуласы арбамен трактордың нақты өнімділігін анықтайды. Бұл жағдайда тракторлар саны келесідей есептеледі:
, (10)
Дәл осындай формула тракторлары бар арбалардың санын анықтайды, егер олар аралық көң сақтайтын резервуардан тиелсе (мысалы, шошқа фермасында барлық шошқалардың көңі ТС-1 конвейері арқылы жеткізілетін сақтау резервуары пайдаланылған және тиеу НПК-30 тиегішімен жүзеге асырылады). Көңді тазалауға арналған көліктердің техникалық сипаттамалары 34, 35-қосымшалардың кестелерінде келтірілген.
3.Көңді сақтау және фракцияға өңдеу процестерін есептеу.
Төсемі бар көңді сақтау үшін қатты жабынды қоймалжың құдығы бар алаңдар қолданылады.
Қатты көңді сақтауға арналған қойманың ауданы келесі формула бойынша анықталады:
, (11)
мұндағы – көңнің көлемдік массасы, т/м3;
– көңді жинау биктігі (әдетте 1,5-2,5 метр).
Егер көңді кейіннен өңдеу технологиясы әзірленетін болса (ол көң қоймасына жіберілгеннен кейін), сұйық көңнен органикалық тыңайтқыштарды төсенішсіз дайындау үшін негізінен үш әдіс қолданылатынын есте ұстаған жөн:
гомогенизацияланған көңді дайындау;
шымтезек-көң компосттарын дайындау;
кейіннен өңдей отырып, көңді қатты және сұйық фракцияларға бөлу және фракцияларды тыңайтқыш ретінде пайдалану;
биогаз өндірісінде экологиялық таза органикалық тыңайтқышты дайындау.
Бірінші әдіске сәйкес көң алдымен карантиндік қойманың секцияларын түседі, олардың жалпы сыйымдылығы көңді 11-12 күн ішінде қабылдауды қамтамасыз етуі керек.
Сондықтан жалпы сақтау сыйымдылығы Vx (м3) келесі формуламен анықталады:
, (12)
мұндағы – қоймада сақтау ұзақтығы, тәулік.
Көпсекциялық карантиндік қоймалар көбіне алтықырлы ұяшықтар (секциялар) түрінде жасалады. Бұл ұяшықтарды ұзындығы 6 метрлік, ені 3 метрлік темірбетонды плиталардан тік орнатып құрастырады.
Мұндай секциялардың сиымдылығы 140 м3, сондықтан секциялардың санын келесі қатынас арқылы табады:
, (12)
Негізгі көң қоймасының сыйымдылығы көңді залалсыздандыруға қажетті мерзімге (6-7 ай) ұстауды қамтамасыз етуі керек. Құрылыс тәжірибесінде сыйымдылығы 5 мың м3 (диаметрі 32 метр, биіктігі 6 метр) резервуарлар қолданылады. Осыған сүйене отырып, цилиндрлік қоймалардың санын табуға болады. Қойманы резервуарларды түсіру және көңді көпіршіктеу үшін сорғы станцияларымен жабдықталған.
Шымтезек-көң компосттары әдебиетте сипатталған технология бойынша дайындалады. Көңді фракцияларға бөліп өңдеу кезінде сұйық фракциясының салыстырмалы шығымдылығын, оның ылғалдылығын , сонымен қатар шөгіндінің мөлшерін (қатты фракция) есептеу қажет:
, (13)
мұндағы:
– бөлу қондырғысына түсетін бастапқы массаның мөлшері, т;
– бөлгеннен кейін алынған сұйық фракцияның мөлшері, т;
– қатты фракциядағы немесе шөгіндідегі құрғақ заттардың салыстырмалы мөлшері (көңді тұндырғыларды өңдеу кезінде , вибросүзгілерде – 10-15%; сүзгілеуші центрифугаларды – 20-25%; тұндырғыш центрифугаларда – 30-35%);
– бастапқы көңдегі құрғақ заттардың салыстырмалы мөлшері, %;
– суспензияның тұндыру әсері, 80-90% – тұндырғыштар үшін; 40-65% – вифибриляторлар мен сүзгілеуші центрифугалар үшін; 70-90% – тұндырғыш центрифугалар үшін.
Сұйық фракцияның салыстырмалы шығымын біле отырып, сұйық фракцияның мөлшерін және көңді бөлу нәтижесінде алынған шөгіндінің мөлшерін анықтаймыз:
, (14)
Сұйық фракцияның ылғалдылығы құрайды:
. (15)
Көңді фракцияларға бөлуге арналған құрылғылардың түрлері 36-қосымшада берілген.
Содан соң қатты фракцияны төсемді (қатты) көң үшін қарастырылған технологиялар бойынша өңдейді, ал сұйық фракцияны тұнжыру үшін тұндырғыштарға жбереді (37-қосымшадағы кесте).
Тұнған сұйықтықты әрі қарай биохимиялық өңдеуге жібереді.