Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы



бет19/22
Дата17.11.2022
өлшемі92,99 Kb.
#50743
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Лекция

Әдебиеттер:

  1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология: Оқу құралы Алматы: Білім, 1996.- 224 б.

  2. Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ., Іргебаева Н. Және т.б. Жалпы психология: Оқу құралы. - Алматы: Білім, 1996. - 224 б.

  3. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы / Жауапты ред. С.М. Жақыпов.- Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 230 б.

  4. Жарықбаев Қ.Б. Жантану оқулығы: ҚР жоғары оқу орындары студенттеріне арналған / Қ.Б. Жарықбаев. - Өңделіп, толықтырылып сегізінші басылуы.- Алматы, 2008. - 638 б.

  5. Жарықбаев Қ., Жалпы психология: Оқулық / Қ. Жарықбаев. - Өнделіп, бесінші басылуы.- Алматы: Эверо, 2004.- 378 б.

14 дәріс. Сезім-эмоция
Сабақтың жоспары:

  1. Эмоция туралы жалпы ұғым.

  2. Эмоцияның құрылымдық компонеттерінің сипаттамасы.

  3. Эмоцияның негізгі қызметтері.

  4. Эмоцияның негізгі түрлері.

  5. Сезім туралы жалпы ұғым.

  6. Сезім ерекшеліктерін байқататын факторлар.

  7. Сезімнің атқаратын қызметтері.

  8. Сезімнің әлеуметтік сипаты.

  9. Сезімнің түрлеріне сипаттама.

  10. Жоғары деңгейдегі сезімдер.

Эмоция мен сезімдер туралы жалпы түсінік
Адам өмiрiнде сезiмдер ерекше рөл aтқаpaды. "Сезiм" немесе "эмоция" сезiммен адамдардың өмipi мен қызметiне, олардың адамдарға, табиғатқа, өнер шығармаларына, ғылымғa, өздерi өмip сүрiп отырған қoғaмғa қатынастарында байланысты көңiл - күйiн бiлдiредi. Адамның барлық ic-әрекеті мен қылығында ерекше орын алады, оның ықпалымен адам әрекет етедi, белгiлi бiр қылықтарды iскe асырады.
Адам тек қaнa қоршаған дүниедегi заттар мен құбылыстарды белсеңдi танып қоймайды, сонымен қaтap оларға көңiл-күйiн бiлдiредi. Бiр оқиғалар оларды ойландырады, басқаларына селқос қарайды, кейбiр заттар мен құбылыстар оларға ұнайды, бiр адамды ұнатады, басқаларын жек көредi.
Көптеген психология оқулықтарының авторлары, психолог ғалымдар "сезiмдер" мен "эмоцияны" бiр-бiрiне синоним ретiңде қapaстыpaды, ал шын мәнiңде, бұл eкi ұғымның мағыналық айырмашылықтары бар. Сезiм - бұл өте күрделі, тұрақты қалыптасқан адамның қатынасы, жеке тұлғаның белгiсi. Мысалы, борыш сезiмi, патриоттық сезiм, жауапкершiлiк сезiмi және т.б, ал эмоция - өте қарапайым көңiл - күйдi бiлдiредi. Сезiм - эмоциялар арқылы байқалады.
Сезiмдердiң эмоциялардан айырмашылығы сезiмдер тек адамдарға ғана тән болады. Жануарларда сезiм болмайды, оларға эмоцияның қарапайым түрлерi тең. Жоғары сатыдағы жануарлар қанағаттану, қанағаттанбау, қуану, қайғыру, қорқыныш сияқты эмоцияларды басынан кешiредi.
Эмоциялар кездейсоқ қалыптаспайды. Эмоцияның қайнар көзi - объективтiк шындықтың адамдардың қажетттiлiктерiмен сәйкестiкте болуы.
Сезiмдер немесе эмоциялар дегенiмiз - адамның басқа адамдарға, өзiне, қоршаған ортаға қатынасын бiлдiретiн психикалық жағдайы және көңiл-күйi. Адамдар шындық дүниенiң заттары мен құбылыстарына әртүрлi қарым-қатынаста болады. Адамның қажеттiлiктерiн тура және жанама қанағаттандырумен байланысты қарапайым, органикалық peтiндe және қоғамдық тұрмысқа байланысты қабiлеттiлiктер оларда жағымды эмоцияларды шақырады (қанағаттану, қуаныш, махаббат). Осындай қажеттiлiктердi қанағаттаңдыруға кедергi келетiндерi жағымсыз эмоцияларды (қанағаттанбау, қайғы, жек көру) қалыптастырады.
Адамдардың сезiмдерi даралық және жан-жақтылық қасиеттерiмен ерекшеленедi, бұл сүйiспеншiлiқ қуаныш, құрметтеу мен мақтану, қайғы мен қасiрет, қорқыныш сезiмдерi.
Адамның сезiмi әруақытта да белгiлi қоғамдық мәні бар ic-әрекетке бағытталған. Жай ғaнa сыйлау немесе жай ғана сүйiспеншiлiк болуы мүмкін емес. Мәселен, сүйiспеншiлiк сезiмi мiндеттi түрде белгiлi бiр iскe бағытталады және байқалады. Отаңды сүю (елжандылық) еңбектi сүюге, адамды сүюге бағытталады.
Адамның сезiмдерiнде оны қоршаған дүние бейнеленедi, сонымен қатар онда заттардың өзi бейнеленбейдi, оған адамдардың қатынасы бейнелейдi. Сондықтан да әрбiр адамның сезiмiнiң мазмұны осы заттардың ол үшiн қандай мәні барлығына байланысты. Адамды қоршаған дүниедегiнің барлығы бiрдей оның сезiмiне әсер ете бермейдi, тек ол үшiн мәндi, оның материалдың және рухани қажеттiлiктерiн қамтамасыз eтyгe бағытталғандары әсер етедi.
Сонымен, адамның сезiмдерiнде оның қоршаған дүниеге қатынасы, оның қажеттiлiктeрi, дүние танымы мен көзқарасы, моралдiк қасиетi бейнеленедi. Бiз әрбiр адамның сезiмiнiң осы қасиеттерiне қарай оның қандай адам екендiгiн айтып бере аламыз.
Сезiмдер - бұл қоғамдық өмip жағдайында адам дамуының жемiсi. Эмоция дегенiмiз, - деп жазды. И.П. Павлов, - инстинктің жұмысы, сезiм - қайғы, қасiрет және т.б. - бұл оның мәні басқаша, үлкен жартышарлардың қызметiнiң қиындауымен байланысты, сезiмдер жоғары белгiлермен байланысты және олардың барлығы сигнал жүйесiне тәуелдi.
Сонымен, эмоциялар - бұл органикалық қажеттiлiктерді қанағаттандырумен немесе қанағаттандырмаумен байланысты қарапайым көңiл-күйлер.
Сезiмдердiң эмоциялардан айырмашылығы сезiмдер адамзаттың тарихи даму барысында пайда болған қажеттiлiктермен байланысты. Сезiмдердiң пайда болуы адамның қоғамдық тұрмысына қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет