Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы



бет15/35
Дата11.04.2022
өлшемі95,03 Kb.
#30625
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
Дәрістер

Мінез дегенiмiз - адамдардың істеген ic-әрекетiне iз қалдыратын өзiндiк дара ерекшелiгi. Мінез - кең мағыналы ұғым, оңда адамның әртүрлі қасиеттерi мен сапалары тоғысып жатады.

Мінез - жеке адамның тiршiлiк жағдайындағы қылығын бейнелейтiн тұрақты және мәнді психикалық ерекшелiктерiнiң үйлесімi. Мінез, өмір, тәрбие үрдiciнде қалыптасады, адамның өмір қалпы мен жағдайын көрсөтедi. Олардың өзгеруiне байланысты мінез де өзгередi.

Күнделiктi өмірде адамды өзiмшiл немесе көпшiл, қарапайым немесе қатыгез, ұстамды немесе ұстамсыз, табанды, батып, қызу қанды, салқын қанды және т.б.деп сипаттайды. Осы айтылғандардан көретінiмiз, мінез - жеке тұлғаның әртүрлі психикалық қасиеттерiн қамтитын бiртұтас құрылым.

Белгiлi психологтар А.Г.Ковалев, В.Н.Мясищев, В.С.Мерлин В.А.Крутеңкий мінездiң мәнін дүниеге қарым-қатынастар жүйесiнде, демек бағыттылықта көре бiлдi, ал И.В.Страхов мінездiң эмоциялық түрiнiң рөлiн атап көрсөтті.

Қазіpгi батыс психологгарында мінезге анықтама беруде әртүрлі көзқарас байқалады. Ерекше кең тараған түсінік мінездi жеке тұлғаның этикалы қыры немесе түрі ретiндегi көзқарас.

Грек философы негiзiн салған "мінездеме" тек адамның адамгершiлiк бейнесiн суреттеуден тұрады. Осындай мағынада "мінез" терминiң хvII ғасырда Лабрюйер қолданды. Сонымен, "мінез" сөзi обастан адамның әлеумөттік- адамгершiлiк келбетiн бейнелейдi, бұл мағынада темпераментке қарама-қарсы мәнге ие болады.

XIX ғ. мінездi таза психологиялық бағытта интеллектiнiң, сезiмнiң және epiктің (А.Бек), сезiм мен epiктің (Рибо), тек қана еріктің (П.Ф.Лесгафт) дара ерекшелiктерi ретiнде қарастырды.

ХХ ғасырда мінездi психиканың жекелеген салаларының ерекшелiктерi емес, ал тұтас тұлғаның қасиетi деп түсіндi. Материализм мен идеализмнiң күресiнде мінездiң тұқым қуалау немесе өмір барысында пайда болғандығы туралы мәселе ерекше маңызга ие болды. И.Кант ХVIII ғасырда "мінездің темпераменттен айырмашылығы өмір барысында қалыптасады" дедi.

Бiрақ дара ерекшелiктердi түсіндiргенде ол туа бiткен және өмір барысында қалыптасқан қасиеттердiң айырмашылығын түсіндiрген жоқ. Рибо мінез тұқым арқылы берiлетiн қасиет екендiгiн атап өтті. Осы eкi бiр-бiрiне қарама-қарсы көзқарас күні бүгiнге дейiн жалғасып келедi.

Белгiлi АҚШ психологi Боннер өзінің жеке тұлға туралы монографиясында "Мінез және адамгершiлiк мінез-құлық" атты арнайы тарау бердi. Ол жеке тұлғаның этикалық меселелерiн ерекше атай отырып, сонымен қатар, мінездің тұтастық қасиетiне ерекше мән бердi.

Мінез туа бiткен қасиет арқылы берiлмегенмен адам табиғи құрылымының ерекшелiктерi, ең алдымен жүйке қызметi мінездің көpiнyiндe, сондай-ақ оның жеке белгiлерi үрдісiн қалыптастыруда байқалады.

Жүйке үрдicтерiнiң ұстамдылығы немесе ұстамсыздығы, күшi немесе әлсiздiгi, қозғалғыштығы немесе енжарлығы, осының барлығы белгiлi дәрежеде адамның мінез-құлқы мен ic-әрекетiне әсер өтедi. Жүйке жүйесiнен басқа адам мінезiне ағзаның басқа да белгiлерiнің әсерi ерекше, жүрек-қантамырлар, ас қорыту және эндокриндiк жүйелер.

Демек ғылымии-жаратылыстану негiздерi тұрғысынан мінез жүйке жүйесi қызметiнің типтерi белгiлерiнің және бас ми қыртысының уақытша байланыстар түрінде бекiген өмірлiк көңіл-күйдің көрінісі болып табылады.

Мінездің көрінісі тек қана әрекетте және қылықта аңғарылып қоймайды, cонымен қатар тiлiнде, бет-пішінінде және дене бiтiмiнде байқалады. Барлық тiлдiк ерекшелiктерi мінездің және темпераменттің белгiлi қасиеттерiн бiлдiредi. Мінез жеке тұлғаның сырт келбетiне iз қалдырады. Адамның бет-пiшiнi әртүрлі мінез бiтiстерi жағдайында өзгерiп отырады.

Адам мінезiнің ұлы бiлгiрi Л.Н.Толстой былай деп жазды: "Тек қана көзi күлетiн адамдар болады - бұл адамдар өте арам және эгоистер. Көзсiз аузы күлетiн адамдар болады бұл адамдар әлсіз, тұрақсыз және күлкінің бұл eкi түрі де жағымсыз". Толстой өзiне-өзi мәз болатын тәтті, бақытты, мөлдiр салқын әзiл аралас, ақымақ және т.б.күлкінің болатыңдығын атап өтті. Адамның көз жанары - бұл жанның айнасы. Оның мінез- құлқын көз жанарынан байқауға болады. Адамның мінез-құлқы жағымды және жағымсыз болып бөлiнедi.

Өзiнің көптеген шығармаларында қазақ халқының гуманист ақыны, көрнекті ағартушысы Абай өз халқының ауыр тұрмысын және надандығын мiнеп-шенейдi. Тек өзінің қарын қамын, яғни, тән қажеттілiгiн өтеудi ғана ойлап, рухани қажеттілiгiн ойламайтындарға, еңбексiз мал табудың жолына түсушiлерге, бiреудi арбап, күн көрушiлерге, өзінің жағымпаздығымен құлық алдында көзге түсiп қалуға тырысушыларға Абай мейлiнше қарсы болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет