Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы



бет14/35
Дата11.04.2022
өлшемі95,03 Kb.
#30625
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
7 дәріс. Мінез

  1. Мінез туралы отандық және шет ел психологиясындағы көзқарастар.

  2. «Мінез» және «тұлға» ұғымдары мен «мінез» және «темперамент» ұғымдарының өзара қатынасы.

  3. Индивидтің әлеуметенуі үрдісінде мінездің қалыптасуы.

  4. Мінез құрылымы.

  5. Мінез және тұлғаның ерік қасиеттері.

  6. Мінез және адам қылықтарының мотивациясы.

  7. Мінезді қалыптастыру және тәрбиелеу.

Мінез психологиясы туралы жалпы сипаттама

Күнделiктi өмiрде "мінез" ұғымы әртүрлі мағынада қолданылады. "Мінез" ұғымын айналысқа aлғаш рет енгiзген ертедегi грек ғалымы және философы Аристотелдiң досы (б.з.д. IV-III ғ.) Теофраст болды. "Мінез" гpeктің сөзi, қазақша “белгi”, “бiтiс”, “ерекшелi” деген мағынада қолданылады.

Теофрастың мінездер туралы шағын трактаты сақталды, онда 30-ға тарта мінез суреттеледi. Теофрастқа дейiн Аристотель жеке тұлғаның ic-әрекет немесе тежiрибелiк жағын белгiлеу үшін "этос" сөзін пайдаланды, ол “адамгершiлiк”, “әдет”, “ойлау бейнесi” мағынасын бiлдiредi. Бұл термин Аристотелдiн, "Этика", "Риторика" және "Поэтика" сияқты еңбектерiнде жиi кездеседi, демек, осы еңбектерде мінезге байланысты мәселелер көп берiлген.

Аристотелдiң терминологиясы мораль туралы ғылымда (этика) қолданылды.

Әрбiр адам кез-келген басқа адамнан өзінің, дара психологиялық ерекшелiгiмен анықталады. Бұл мағынада осы адамға тән белгiлер туралы көп жағдайда айта аламыз. Психологияда "мінез" сөзi белгiлi мағынада қолданылады. Адамның кез- келген дара ерекшелiгiн мінез бiтiсi деп айта алмаймыз.

Жалпы немесе кең мағынада адамның мінезi деп даралық анық байқалатын және адамның мінез-құлқы мен қылығына әсер eтeтiн сапалық өзiндiк психологиялық белгiлерiн айтамыз. Осы анықтамадан туындайтыны адам мінезі туралы айтқанда адамның барлық анық, дара байқалатын және өзіндік психологиялық белгiлерi болып табылады. Адамға сипаттама беру оған даралық тұрғысынан психологиясын беру деп түсінемiз, оның сапаларының қосындысын көрсету емес, солI адамды басқа адамдардан ерекшелейтiн белгiлерiн бөлiп көрсету болып табылады. Мәселен, көп жағдайда адамның мінезi оның өмірi ұжымда қалай болатындығымен байланысты. Егер адам таза, әділ, еңбек сүйгiш, кісімен тiлтапқыш болса оның ұжымда жақсы өмір cүpyi және еңбек eтyi үшін қажетті шарты екендiгiн жақсы түсінемiз.

Керiciнше, ерiншек, өзiмшiл, өp-көкipeк жан ұжымда жақсы сiңiсiп көте алмайды, кейде ұжым мүшелерiмен дау-дамайға келiп қалады. "Мінездерi үйлеспейдi" деген сөз тіркесінiң мағынасы - ұжымдағы адамдардың мінезi әртүрлі, үйлесiмдiлiктiң болмауы.

Мұғалiм өз шәкірттерiн зерттей отырып, олардың анық байқалатын мiнезiндегi даралық белгiлердi анықтауға ұмтылады.

Психологтар мiнездiң мәнін аша отырып, негiзгi белгiлерiнiң бәрiне дара ерекшелiгiн атап көрсөтедi. А.Г.Ковалевтiң және В.Н.Мясищевтiң берген анықтамалары бойынша, "мiнез - бұл өзiндiк ерекшелiгi бар жеке тұлға".

Б.А.Крутеңкий мінезге мынадай анықтама бередi. "Мінез - бұл жеке тұлғаның мәндi қасиеттерiнің даралық - өзiндiк бiрiгiп келуi".





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет