4 дәріс. Қарым-қатынас. Ұжым-топтар
Қарым-қатынас туралы түсінік.
Қарым-қатынастың түрлері, формалары, атқаратын қызметтері.
Қарым-қатынастың жақтары.
Топтар психологиясы.
Үлкен топтар мен шағын топтар.
Топтардың даму деңгейлері.
Топтардың классификациясы.
Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
Адам баласы туылған сәтінен бастап, өмірден озған уақыты-на дейін басқа адамдармен әртүрлі өзара әрекеттесулер мен қаты-настардың символдық (таңбалық) кеңістігіне енеді. Бұл өзара әре-кеттесулер өзінің мақсаттары, формалары мен өту жағдайларына байланысты тым көп болады. Мысалы, адамдар жұп-жұппен неме-се шағын топтарда тікелей, не болмаса жанама түрде – байланыс құралдары, көптеген коммуникация, өнердің әр алуан түрлері ар-қылы өзара әрекеттесулері мүмкін. Әлеуметтік байланысқа жекеле-ген адамдар мен тұтас халық түсе алады, серіктестер арасындағы байланыс эмоциялық-тұлғалық, іскерлік, әлеуметтік-ресми және т.б. сипат алуы мүмкін. Адамның өз әлеміне қатынасы, оның басқа адамдарға деген қатынасымен жанамаланғандығы және оның зат-тық іс-әрекетінің өзі қарым-қатынас деп аталатын анағұрлым кең процеске енетіндігі маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |