Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы



бет3/35
Дата11.04.2022
өлшемі95,03 Kb.
#30625
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Дәрістер

Сабақтың жоспары:

  1. Психика туралы жалпы ұғым.

  2. Психика теориялары.

  3. Психиканың даму сатылары.

  4. Сана туралы жалпы ұғым.

  5. Психологияның ғылыми-зерттеу әдістері.

  6. Психологияның негізгі әдістері.

  7. Психологияның қосалқы әдістері.

Психиканың дамуы және сананың қоғамдық-тарихи сипаты

Табиғат заңдылықтарын жете түсініп, олардың мән-жайын бағдарлауда психиканың пайда болуын, адам санасының жетілуін байыптап баяндау ең күрделі мәселелердің бірінен саналады. Материалистік ағымды жақтаушы ғалымдар психиканы ұзақ уақыттағы материя дамуының эволюциясы деп түсіндіреді. Материя табиғатын зерттеп, оның түрлері мен формаларын, олардың бөлінбес қасиеттерін анықтауда қозғалыс материяның өмір сүру тәсілі екендігін анықтайды. Қозғалмайтын, абсолютті тыныштықта болатын материя жоқ. Әлемде өлі табиғат та, тірі табиғат та үнемі қозғалыста, өзгерісте, дамуда болады. Қүллі материяның, өлі табиғаттан бастап ең жоғары сатыдағы күрделі материя — адам миының бейнелеу қасиеті мен оның әсерге жауап кайтаруы да үнемі дамып, өзгеріп отырады. Материянын, бейнелеу формасы оның емір сүру тәсіліне байланысты. Бейнелеу сыртқы әсердің сипаты мен формасына қарай білінеді. Өлі табиғаттағы денелер мен заттардың қозғалысы механикалық, физикалық, химиялық әсерлер түрінде байқалады. Мысалы, жердің бетін үнемі судың шаюы, жел мен ауаның әсері арқылы жартастың мүжілуі, теңіздің үнемі жағаға соғып тұратын толқыны салдарынан өзге заттарға қысым түсіріп, олардың түр-тұрпатын өзгертеді.

Материяның тірі табиғатка ауысу кезеңінде оньщ қозғалу формасы да өзгереді, тірі табиғатка тән бейнелердің жаңа сапалық түрі — психика пайда болады. Материя қозғалысындағы биологиялық форма— табиғат тіршілігіндегі жаңа сапалық керініс. Өлі табиғаттан тірі табиғатқа өту жөніндегі түрлі болжамдар бар. Солардың бірі — А.И.Опариннің тірі табиғаттың пайда болуы жайындағы көмірсутек негізінде азот, көміртегі, сутегі, фосфор және күкірт атомдарының түрлі конфигурациялық байланысуы нәтижесінде түзілістер пайда болды дейтін теориясы. Қазіргі ғылымда бұл теорияны қолдайтын мағлұматтар мол. А.И.Опарийнің болжамы бойынша, бұдан шамамен екі миллиард жыл бұрын атмосферада бос оттегі белініп, органикалык заттарда фото-химиялық реакциялардың жүруіне жағдай туған. Ол алғашында қоймалжың зат түрінде болған. Органикалық қосылыстар көмірсутектерінің полиерленуі нәтижесінде алып молекула пайда болған. Молекула өзінің құрамдас бөліктеріне жеңіл бөлінген. Бұл қосылыстардың тіршілігі әрі қарай жалғасып тұруы үшін үнемі ортамен зат алмасуы қажет болды. Молекулалар бойына ортадан жаңа затты сіңіріп ассимйляцияланып, бөлінген заттарды ыдыратып, өзі өндіретін жүйеге айналды. Ортамен зат алмасуын автокатализдік ретке келтірді. Белок молекуласымен ортаның зат алмасуы әуел бастан белсенді жүрген. Бұл алып молекула коацерват деп аталады. Коацерват тамшылары өзара бәсекелесті. Химиялық құрамы жағынан әсерлі кейбір тамшылар өзгелерінен тез өсті. Олар алып дәрежеге тез жетіп, тез ыдырап отырды. Өсу, ыдырау процестері осылай қайталана берді. Ал химиялық құрамы жөнінен түрлі тамшылар бірімен-бірі бірікті. Сонымен, коацерваттардьвд қасиеті мол болды. Осы орайда, оны тірі организм құрылымы деп қарауга болады. Бұл қасиеттер нендей нәтижелер берді? Коацерваттар ортадағы қоректік заттарды сіңіріп, өмір сүруін жалғастыру үшін қажет заттарға тітіркеніп, оларға жауап қайтарды. Ал өмір сүруіне қажетсіз заттарға тітіркенбеді. Зат алмасудағы бұл қажеттілік өзін-өзі реттеу қабілетінің нәтижесі болды. Коацерваттар бөлінуге, түрлі химиялық косылыстармен конструкциялануға бейім тұрған. Сондай-ақ, сыртқы әсерлерді бейнелеу түрлі әсерлердің күші мен сипатына ғана емес, олардың органикалық түзілістері мен коацерваттардың ішкі жағдайына да байланыеты болған. Мүндай органикалық түзілімдердің алғашқы бейнелеу формасы қазіргі тірі организмдердің арғы ата тектерінің геологиялңқ дәуірлердегі пайда болу жағдайына сәйкес келеді.

Өлі табиғаттағы бейнелеуге қарағанда, тірі табиғаттың герототипі коацерваттарда, кез-келген тірі организмдерде бейнелеудің жаңа сапалық ерекшеліктері пайда болған. Ондай өзгерістер сыртқы әсердің күші мен сипатына ғана емес, организмнің ішкі жағдайына да байланысты. Қез-келген тірі организм тіршілік қажетіне қарай сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, тірі материя жаңа сапасының өзін-өзі реттеуіне ықпал етеді. Организмнің ұзақ мерзімді эволюциялық дамуы нәтижесінде бейнелеудің айқын түрлері - түйсіну, қабылдау, ес, ойлау формалары пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет