Сабақты жоспарлау және оған дайындалу кезеңдері; Сабақты талдау және өз сабағына талдау жасау



бет11/11
Дата21.04.2022
өлшемі167,79 Kb.
#31841
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Сабақты бақылау парағы

(сабақты талдау және өзіндік талдау сызбасы)

Білім беру әдістері:

• қолданылған әдістер сабақ міндеттеріне қандай деңгейде сай болды;

• олар қандай дағды әрекетін қамтамасыз етті;

• оқушылардың білім алуын қарқындандыруға қандай тәсілдер көмектесті;

• өздік жұмыс қалай жоспарланып, өткізілді, ол оқушылардың танымдық дербестігін қамтамасыз етті ме;

• қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі неде



Сабақтағы оқу әрекетін ұйымдастыру:

• сабақтың әр кезеңінде білімділік міндет қалай қойылды;

• жұмыс түрлері: жеке, топтық, сыныптық, қалай үйлестірілді;

• оқушылардың түрлі іс-әрекетінің кезектесіп ауысуы іске асырылды ма;

• оқушы әрекетін бақылау қалай ұйымдастырылды;

• оқушылардың білімдері мен біліктері дұрыс бағаланды ма;

• мұғалім оқушыларды қалай дамытты (логикалық ойларының дамуы, сын тұрғысынан ойлауы, салыстыру, қорытындылау қабілеттері);

• оқушыларды ұйымдастыруда мұғалімнің қолданған әдістері;

• сабақ пен оның кезеңдерін қалай қорытындылады

Сабақты бақылау парағы

(сабақты талдау және өзіндік талдау сызбасы)

Мұғалім жұмысының жүйесі:

• сабақты жалпы ұйымдастыр алуы: уақытты үнемді қолдануы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуінің байланыстылығы, оқушылардың білім алу әрекетін басқаруы, сыныпқа ие болуы, тәртіп сақтауы;

• оқушыларға білім алудың тиімді жолдарын көрсету;

• сабаққа қажетті оқу материалын таңдауы;

• мұғалімнің сабақта өзін-өзі алып жүруі: сөйлеу мәнері, такты, эмоциялылығы, кабинеттегі орны, сырт пішіні, қарым-қатынас түрі (демократиялық, авторитарлық), баға қоюдағы әділдігі;

• қажетті моральдік-психологиялық ахуал жасаудағы мұғалімнің рөлі.



Оқушы жұмысының жүйесі:

• сабақтың барлық кезеңдеріндегі белсенділік пен ұйымшылдық;

• эмоциялық жауаптардың орындылығы;

• жұмыс әдістері мен тәсілдері, олардың қалыптасу деңгейі;

мұғалімге, пәнге, сабаққа, үй тапсырмасына қатынасы;

• негізгі білім мен мілікті игеру деңгейі;



• білім, білік, дағдыларын шығармашылықпен қолдана алу қабілеті.

Қорытынды жасау. Ұсыныстар әзірлеу.

Сабақтың жалпы нәтижелері:

• сабақ жоспарының орындалуы;

• сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерінің орындалу деңгейі;

• оқушылардың іс-әрекетінің, білімді игеруінің деңгейі:

1-ші – қабылдау, түсіну, есте сақтау деңгейінде игеру;

2-ші – ұқсас жағдайда қолдану;

3-ші – жаңа жағдайда (шығармашылықпен) қолдану;

• сабақ нәтижесі мен тиімділігінің жалпы бағасы;

• сабақ сапасын жоғарылату үшін ұсыныстар беру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет