Өзін-өзі талдауға қойылатын жалпы талаптар:
Сабақты бақылау парағы
(сабақты талдау және өзіндік талдау сызбасы)
Жалпы мәліметтер:
• мектеп, сынып, сабақ өткен күн;
• сабақ тақырыбы мен міндеттері;
Сабақ жабдықтары:
• мұғалім сабақ берудің қандай тәсілдерін қолданды;
• көрнекі құралдар мен техникалық жабдықтар дайындалған ба;
• сынып тақтасы сабаққа қалай дайындалған;
Сабақ мазмұны:
• сабақ мазмұны бағдарламаға, сабақ міндеттеріне сай ма;
• оған дидактикалық өңдеу жасалған ба;
• қандай білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталған;
• оқушылар қандай материалдармен алғаш жұмыс жүргізді, сабақта қандай білім, білік, дағдылар қалыптастырылды және бекітілді;
• сабақ материалы оқушылардың шығармашылықтарын дамытуға қалай ықпал етті;
• қандай жалпы білімділік және арнайы дағдылар дамытылды;
• пәнішілік байланыстар іске асырылды ма;
• сабақ құрылымы оқушылардың қызығушылығын арттыруға жағдай жасады ма.
Достарыңызбен бөлісу: |