Сабақтың көрнекілігі : интербелсенді тақта, слайдтар, әріптер жазылған тақташалар, т б. Сабақтың түрі : сайыс сабақ



бет5/8
Дата18.04.2023
өлшемі388,17 Kb.
#83842
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сыныптан тыс жұмыс. Биологиялық мейрамхана

2 –Жүргізуші Гүлдана
Жарыссаң намыс жана ма
Екінші топ қала ма?
Тілегіңізді айтыңыз
Ата-ана, ұстаз, балаға-дей отыра №2 столдың қонақтары «Дәрумендер» тобы Би: ________________________
1-Жүргізуші Ақгүл
Есіттіртіп баршаға
Тілегін айтар қаншама
ІІІ-топты қанекей
Шақырайық ортаға-дей отыра №3 столдың қонақтары « Алғырлар» тобы Ән: _________________________
2 –Жүргізуші Гүлдана
Тек сәттілік , қатысыңдар сайысқа ,
Мықты болсаң , қабырғаңмен қайыспа .
Оқу керек , білім керек қашанда,
Ол болмаса , сайыс деген сайыс па ?
Құпиясын жасырған
Сандықтар бар асылдан
Не бар екенін көреміз
Қақпағы кезде ашылған деп сайысымыздың төртінші кезеңін бастаймыз !
5
ІV. Ойын ойнау«Құпия сандықшалар»
Сандықшаларда 6 тапсырма берілген, ішінен екі тапсырманы алып жауап береміз.
1-тапсырма
Ежелгі Грецияда бұл көкөніс ерекше ықыласқа ие. Бұл өсімдік адамға кездескен алғашқы көкөніс болып есептеледі. Атақты қолбасшы Александр Македонский үнемі шайқасқа шығардың алдында өзінің жауынегерлерін осы көкөніспен тамақтандырып, өзінің жеңісінің құпиясы осыда деп сенген. Қызығы, ұлы математик, философ Пифагорда осы көкөніске табынып қана қоймаған, тіпті оның селекциясымен де айналысқан дейді.Ең жақсы іріктемелерінің бірі ертеде Пифагордың
есімімен бекер аталмаса керек.
Бұл өсімдіктің латынша атының аудармасы “бас”
Сұрақ: бұл қай өсімдік?
1-көмек: бұл өсімдіктің күлтесі төртеу
2-көмек: біздер бұл өсімдіктің жапырағын тамаққа пайдаланамыз.
Жауап: капуста
1-Жүргізуші Ақгүл
2-тапсырма
Ұзақ уақыт өсімдіктерді бақылайтын адамдар бір гүлдің таңның атуының, екіншісі күннің батуының хабаршысы екенін байқаған. ХҮІІІ ғ. Швецияда белгілі ғалым – натуралист К.Линнейдің кеңесімен гүл сағаты жасалған. Таңғы сағат 5-те текесақал,сағат 6-да көкнәр гүлінің күлтелері ашылса, ал кешкі 10- да хош иісті темекі , кактустың гүлдері ашылады. Осылай уақытты анықтап отырған.
Сұрақ: бұл қызықты құбылыс немен байланысты? Неліктен әртүрлі гүлдер әр түрлі уақытта ашылады?
1-көмек: жарқанат, ара суреті
2-көмек: өсімдіктің көбеюімен байланысты
3-көмек: гүлдің түсіне де, иісіне де байланысты




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет