Тақырыбы: Табиғат – бізді қоршаған орта.
Сабақтың мақсаты:
1) Балалардың жалпы табиғат жөніндегі түсінігін, білімдерін жетілдіру;
2) Ой-өрісін кеңейту, жеке тұлғасын тілдік, сөздік қорын, ізденісін ояту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
3) Туған табиғат, Табиғат – Ананы көздің қарашығындай сақтап, қастерлеп қадірлеуге, Отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
«Табиғатты аялай білейік» - атты сурет көрмесі, интерактивті тақта, слайдтар, табиғат суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
Мұғалім : Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі көктем мезгілімен тұстас келіп отырған «Табиғат – бізді қоршаған орта» 1 сынып тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Тыныс алу жаттығулары.
Шаттық шеңбері.
Армысыз, шапағатты Аспан!
Армысыз, мейірімді Жер!
Армысыз, шұғылалы Күн!
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Сәлеметсіз бе, апайлар!
Бәріміз күндей жарқырайық,
Бәріміз дос болайық!
Мұғалім: Табиғат адамсыз өмір сүре алады, ал адам табиғатсыз, жерсіз өмір сүруі мүмкін емес. Әрбір адамның туған жері, бәрінен де қымбат. Өйткені сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды. Табиғатымен біте қайнасып адам болып қалыптасады.
Алып Жер – адамның бесігі,
Тербесін сәбилік, тербесін.
Адамзат, бақыт нәсібің,
Абайла төгіле көрмесін – деп Мұқағали ақын жырлағандай қазақ жерін сүю, табиғатын қастерлеу, табиғатына бас ию – адам борышы.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Аптаның қай күні?
- Дүйсенбі.
- Балалар, біздің қоршаған орта қалай аталады?
- Табиғат.
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- 2-ге. Өлі және тірі табиғат.
- Өлі табиғатқа нелер жатады?
- Су, тас, жер, күн, аспан, құм т.б.
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
- Адамдар, жануарлар, өсімдіктер, ағаштар, гүлдер, жәндіктер т.б.
(Балалардың назарын «Табиғатты аялайық» суреттердегі табиғат сұлулығына аудару).
Мұғалім: Табиғат қандай әсем сұлу болса, біз де сондй әсем сұлумыз. Осы дүниенің ішінде мен де, сендер де барсыңдар. Ондай сұлу дүниені жаратқан – Табиғат. Біз оған қашан да қарыздармыз. Шаршасаң көлеңкесін тосады, шөлдесең сусынын береді. Сондықтан табиғатты аялайық, қорғайық!
Сергіту сәті
Ағаш болып жайқалайық,
Балық болып жүзейік.
Құс болып ұшайық,
Қоян болып секірейік.
Ойын: «Жер.Су.Ана».
«Жер» - дегенде жерде жүретін жануар, жәндіктер.
«Су» - дегенде суда мекендейтін жәндіктер.
«Ауа» - дегенде құстардың атауларын айту.
Мұғалім :Дұрыс айтасыңдар, біз табиғатты әрқашан да қорғап, аялап жүруге тиіспіз. Енді бәріміз «Табиғат-Анаға» рахметімізді жақсы тілегімізді айтамыз.
Аспанымыз ашық болсын!
Жеріміз кең болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз тұнық болсын!
Түніміз жайқалып өссін!
(Табиғат-Ана тақпағын айту).
Табиғат-Ана: Балалар, мен сендерге ризамын. Өркендерің өссін! Мені басқа балалар күтуде. Амандықта жүздесейік. Қош сау болыңдар бөбектерім! Мынау табиғаттың жемісі, сендерге берер сыйым.
Мұғалім: Ал енді табиғат жайлы мақал-мәтел білесіңдер ме?
Сулы жер – нулы жер.
Су атасы – бұлақ.
Туған жердің ауасы да шипа.
Табиғат – алтын бесік.
Ел құты – қария,
Жер құты – дария.
Су – өмір нәрі.
Ағаш жапырағымен,
Жер топырағымен көрікті.
Жел – ел ырысы.
Бір тал кессең, он тал ек.
Көрініс: «Төрт мезгіл».
Мұғалім: Балалар, енді сөзжұмбақ шешеміз, ол үшін мына жұмбақтардың жауабын табу керек.
Биікке ұшып жүреді,
Түлкі, қоян бүреді.
Қия таста ұясы,
Бұл құсты кім біледі?
(Бүркіт)
Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.
(Қарға)
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтандап.
(Балапан)
Тырнағы алмас күшті аң,
Аулар құс пен тышқанды.
(Ителгі)
Айдын судың түлегі,
Шабақ іліп жүреді.
(Шағала)
Көк ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып.
(Тырналар)
Көктемде ерте келетін
Бізге ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар?
(Қараторғай)
БҮРКІТ
ҚАРҒА
БАЛАПАН
ИТЕЛГІ
ШАҒАЛА
ТЫРНАЛАР
ҚАРАТОРҒАЙ
Мұғалім: - Сонымен сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты?
- Табиғат.
- Балалар, табиғат дегенде ойларыңа не келеді?
өсімдік адам
су ТАБИҒАТ жер
құстар орман
аңдар
Ән:
Қорытынды.
Мұғалім: Балалар, өлі және тірі табиғатты ажырата білдік пе? Адам өмірі табиғатпен тікелей сабақтас әрі тығыз байланысты. Өзіміз осы туған табиғаттың төл перзенті екенімізді ұмытпайық!
Атамекен – жанға жайлы саябақ
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен, ақ сүтімен ананың,
Туған жердің табиғатын аялау.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Назарбеков атындағы
№ 87 жалпы білім беретін мектеп
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Табиғат – бізді қоршаған орта»
Орындаған:Алмаханова Р.
2«А»сынып
Достарыңызбен бөлісу: |