Сабақтың мақсаты : Қобыланды батыр мен Тайбурылдың шығармадағы портреті мен іс-әрекетін, образын ашып жазады



Дата19.11.2023
өлшемі19,83 Kb.
#124843
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр жыры
Бағдарламаға сілтеме :5. 1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;
Сабақтың мақсаты : Қобыланды батыр мен Тайбурылдың шығармадағы портреті мен іс-әрекетін , образын ашып жазады;

Блум текстаномиясы бойынша тапсырма:


1.Білу
Батырлар жыры туралы не білесің? Кластер құра
“Қобыланды батыр” жырының негізгі тақырыбы қандай? Сұраққа жауап жаз .
2.Түсіну
Жырды оқып шық, жырдағы суреттелген оқиғаларды айтып бер.
3.Қолдану
Екі бағаналы кесте сызады. Бірінші бағанаға қазіргі заманның батырлары туралы жазып, екінші бағанаға батырлар жырындағы батырлар туралы жазады.
4.Талдау
Венн диаграммасы бойынша Қобыланды батырды Керқұла атты Кендебай батырмен салыстыра суретте.
5.Жинақтау
Сабақтағы білімді игеру мақсатында оқулық материалдарын пайдаланып, Қобыландының ерлік істерінің тізбегін құр, баяндаудың тірек сөздерін жазып шығыңдар.
6. Бағалау
Егер мен батыр болсам…” тақырыбында эссе жаз.
Дискриптор



Блум текстономиясы сатысы

Орындалатын тапсырма бойынша

Балл

Білу

Батырлар жыры туралы айтады, кластер құрайды.Сұраққа жауап жазады

1 балл

Түсіну

Жырды оқиды, жырдағы оқиғаларды тізбекпен айтып береді

1 балл

Қолдану

Екі заманның батырларын салыстырып, кесте толтырады

2 балл

Талдау

Венн диаграмма бойынша салыстыра суреттейді

3 балл

Жинақтау

Батырдың ерлік істерінің тізбегін құрап, баяндаудың тірек сызбаралын жазады

3 балл

Бағалау

Эссе талаптары сақталған, жоспары бар, тақырып ашылған, айтылар ой анық жеткен

5 балл

Барлығы:




15


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет