Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс
Тапсырма: сұрақтарды топта талқылаңыздар және жауаптарыңызды флипчартқа жазыңыздар.
Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?
Мақсаты мен принципі қандай?
Қашан өткізіледі?
Ақпарат кімдерге беріледі?
Мұғалімнің рөлі қандай?
Оқушының рөлі қандай?
Қандай формада өтеді?
Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
ҚБ принциптері:
оқытудың бір бөлігі («оқыту үшін бағалау»);
барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);