Тақырыбы: 2-сабақ. 21-ден 100-ге дейінгі сандар Менің мектебім
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: 100 дейінгі сандар, толық ондықтар, сандарды салыстыру, жазу жəне оқу.
Бірқатар оқушылар үшін: 100 дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар тізбегінде санның орнын анықтау.
Кейбір оқушылар үшін: 100 дейінгі сандардың түрлі моделін ұсыну, модельдің көмегімен сандарды салыстыра алу.
Ұйым кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3 мин
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Сандар арқылы топтасу : 1,2,3,4
Шаттық шебері
Алдынғы сабақ 12 минут
Табыс критерийі: Ынталандыру. Сандардың адам өміріндегі маңызы туралы əңгімелеседі. 0–9 сандарының қиықшаларын көтеру арқылы қандай сандардың көрсетілгенін оқушылар анықтайды.
Бұл жұмыс мұғалімге оқушылардың екі таңбалы сандармен таныс не таныс еместігінен хабар береді..
Жазғы демалыс суреттері
Сабақтың басы Білу және түсіну
2-минут
Бағалау критерийі: -Сандардың өсу мен кему ретін анықтайды
-20-100 ге дейінгі сандарды ондықтармен аттап санау
-Дәптермен жұмыс
-Суреттермен жұмыс
Оқулықтағы №3 тапсырма оқушыны екі таңбалы сандардың құрылуымен таныстырады. Осындай жұмыс тақтада да жүргізіледі.
Ондықтар Бірліктер
Жапсырмалар жиынтығы ұсынылады.
Жұмысты топпен жүргізуге болады. Топпен сандарды жазады, оларды жіктейді (сипаттама береді):
1) Санды жазуға қандай цифрларқатысады?
2) Санның «көршілес» сандарын айта аласыңба?
3) Санда неше ондық, бірлік бар? Оны қалайанықтайсың?
4) Егер цифрларды алмастырса, екі таңбалы сан шыға ма? Қандай сан шығады? Екі санды салыстырыңдар.
Жұптық жұмыс: №3тапсырма. Санның құрамын дəптерге жазады.
Өздік жұмыс №4 тапсырманы дəптерге орындау
Таныстырылым, оқулық пен жұмыс
Сергіту сәті
3 минут
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)