Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
ә дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.
|
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу, қойылған сұраққа жауап береді.
|
Кейбір оқушылар:
Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқудың түрлерін (буындап оқу,тұтас оқу) қолдана алады.
|
Сызба бойынша буындардан сөз құрастыра алады.
|
Жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап талаптарға сай жазады.
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Ән, әнші, әтеш
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ә дыбысы қандай дыбыс?
Қандай сөздер берілген?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, зиян келтірмеуге, жан-жануарларды күтіп бағуға, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Ағылшын тілі, орыс тілі, көркем еңбек, логика
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт есебі
|
|
ресурстар
|
Басы
|
Ширату жаттығуы
Оқушылар шеңберге тұрып «Төрт қадам» жаттығуын орындайды.
Төрт қадам алға (төрт қадам алға жүреді)
Төрт қадам артқа (төрт қадам артқа жүреді)
Менің аяғым топ-топ дейді (аяқтарымен топылдатады)
Менің қолым тақ-тақ дейді (қолдарын шапалақтайды)
Менің көзім жыпылықтайды (көздерін жыпылықтатады)
Ал мен секіремін (орындарында тұрып секіреді)
|
Писихологиялық дайындық
|
Ортасы
Соңы
|
(МК; Ө; Ж; Қ) Мәтінмен жұмыс. Мәнерлеп оқы.
Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну білігін бағалауды жүзеге асыру. Аққаланы сипаттату.
Сипаттау сөздерін орынды қолдана алуына ықпал жасау.
Мұғалімнің сыйы ретінде YouTube (https://www.youtube. com Әли мен Айя. Аққала туралы ән.Видео) сайтынан «Аққала» туралы әннің видеосын көрсетуге болады.
(МК; Ө; Қ) Оқулықта берілген суреттердің астындағы жасырынған сөздерді тапқызу. Олардың қандай сөз болуы мүмкін екеніне басқа суреттердің астындағы жазуларды оқытып, болжау жасату. Сөздің мағынасын түсінбеген жағдайда суреттер немесе мысалдар арқылы түсіндіру.
Мысалы, кәрі – жас, т.с.с.
(Ұ; Қ) Жұмбақтың шешуін оқулықта берілген суреттерден іздеуін ұйымдастыру.
Сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату. Сабақта қосымша жұмбақ шештіруге, өлең оқып беруге болады.
(Ө; Қ) Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау, әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастыру.
17-беттегі тапсырманы орындату.
Әріптерден сөз құрап, жазу керек. Мысалы: Әдемі, дәрігер.
Рефлексия
Оқушыларға боялмаған гүлдер таратып беру. Олар бояйды.
Қызыл – түсінікті болды;
Сары – түсінікті, кей жеріне түсінбедім;
Күлгін – түсінбедім.
|
Оқулық
YouTube (https://www.youtube. com Әли мен Айя. Аққала туралы ән.Видео)
Жазу дәптері
гүлдер
|
|