Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар


(Ө) Қораптағы кәмпит санын салыстыр



бет2/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137
Байланысты:
Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып

(Ө) Қораптағы кәмпит санын салыстыр.

  • Әр қорабындағы кәмпит санын салыстырайық. Екі қораптағы кәмпиттер саны тең бе әлде тең емес пе?

  • Неге? Оларға теңсіздіктерді ламинатталған парақтарға жазып, жұмыс нәтижесін сыныпқа көрсетуді ұсыну.

Жауабы: 5 ≠ 7.
(Ж) Теңдік пе, әлде теңсіздік пе? Оқушылар ауызша жауабын ламинатталған қағазға жазып көрсетеді. Олар жазған жауабын жоғары көтеріп, мұғалімге көрсетеді. Мұғалім осылайша кімге көмек қажет екенін анықтай алады.
Ойын. Сынып оқушыларын төрт не алты адамнан тұратын топқа бөлу. Жүргізушінің “Теңдіктер!” деген бұйрығы бойынша оқушылар бірдей топтарға бөлінуі керек. Мысалы, сыныптағы оқушылардың санына байланысты 2 және 2 немесе 3 және 3 деп бөлініп тұрады. Жүргізушінің “Теңсіздіктер!” деген бұйрығы бойынша оқушылар саны әртүрлі топтарға бөлінуі керек. Мысалы, егер топта 4 адам­ нан болса, оқушылар 1 және 3 адамнан бөлінеді. Егер топта 6 адамнан болса, онда 2 және 4, 1 және 5 адамнан бөлінеді.
(Ж) Шығарып көр. 12 ойыншықты 2 қорапқа қандай әдіспен тең бөліп салуға болатынын талқылауды ұсыну. Бірінші рет салғанда теңдік шығатындай, ал екінші рет теңсіздіктер шығатындай орналастырсын. Жауап нұсқаларын екі бағанға жазуға болады. Бірінші баған “теңдіктер”, екінші баған “теңсіздіктер” болады. Талдау барысында қай оқушының теңсіздік пен теңдік түрін көп жазғанын салыстыруға мүмкіндік туады.
(Т) Орындап көр. Оқушыларға таразы табағының тең емес жағдайын бағалауды ұсынамын.

  • Таразы басын теңестіру үшін, яғни теңсіздікті теңдікке айналдыру үшін не істеуге болады? Оқушылар өз тобында талқылайды. Топпен бірлесіп талдағаннан кейін теориялық ұсыныстарды тәжірибеде сынап көреді. Ол үшін таразы табақтарының көмегімен массасы тең көгөніс муляж­ дарын пайдалану.

Жауабы: а) 1 алманы алып немесе 1 алманы қосу; ә) 1 алманы сол жақтағы табақтан оң жақтағы табаққа ауыстырып салу немесе оң жаққа 2 алма қосу (немесе сол жақтан 2 алманы алып тастау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет