Байланысты: Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып
(МК; Ө; Ж; Қ) «Ж» дыбысы және әрпімен таныстыру.
«Ж» дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында келу үлгілерін көрсетіп, таңбасын үйрету.
Жеті сөзіне дыбыстық, буындық талдау жасату.
(МК; Ж; Қ) Оқулықта берілген сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастыру. Кестедегі сөздерді оқытуды жүзеге асыру. Сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқытып, сөздік, буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізу.
(МК; Ж; Қ) «Жарыс» мәтінін оқып танысқан соң, мәтін соңындағы сұраққа жауап іздеп, бір-бірінің пікірін тыңдатуға мүмкіндік жасау.
«Кім жеңеді? Кім жарыс мәресіне тез жетеді? Мәтінде жиі қайталанып тұрған қандай дыбыс бар?» сұрақтарына жауап алу.
Сөйлемнің соңында тұрған тыныс белгілер нені білдіретінін оқушылармен бірге талқылау.
Қосымша тапсырма ретінде қалауыңыз бойынша YouTube (https://www. youtube.com Ат жарыс 2) сайтынан алынған «Ат жарыс 2» видеосын оқушыларға көрсетуге де болады.
(МК; Т; Қ) Жаңа сөздердің ішінен өтілетін дыбыс/әріпті таптыру іс-әрекетін ұйымдастыру.
«Буындардан сөз құра» тапсырмасын «Кім жылдам?» ойыны арқылы жарыс түрінде ұйымдастыру. Оқушыларға белгілі бір уақыт ішінде буыннан сөз құрату. Мысылы, жалау, арық, т.с.с. (МК; Ө; Қ) Қарамен берілген сөздерді оқытып, мәндес сөздерді тапқызып, берілген сөйлемді жаздыру.
«Жай», «жуа» сөздерінің қолданылуына қарай берілген мағынасына талдау, дәлелдеулер жасату.
(МК; Ө; Қ) Оқушылардың Жж әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолдану.
Рефлексия
Оқушыларға боялмаған гүлдер таратып беру. Олар бояйды.