Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар



бет74/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   137
Байланысты:
Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып

Пәні: математика

Мектеп: №36

Ортақ тақырып: Есеп және математикалық модель




Күні: 5.03.2018

Мұғалімнің аты: Құлбаева Г.

Сынып: 1 «В»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Кері есепті құрастыру және шығару




Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.5.1.3 қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Қосу мен азайту амалына берілген есептерді шығарады

Оқушылардың көпшілігі:

Кейбір оқушылар:

  • берілген есепке кері есеп құрастырады және шығарады

Бағалау критерийлері

Тілдік мақсат

Есеп және оны шешу туралы түсінік қалыптасады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Кері есеп

Құндылықтарды дарыту

Топ мүшелерін өзара сыйластыққа, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.

Талқылауға арналған сұрақ:

  • Кері есепті қалай құрамыз?

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, көркем еңбек, логика

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар



Басы



Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Писихологиялық дайындық


Ортасы


Соңы

Кіріспе тапсырма.
(Т) Есеп шығаруға арналған математикалық бәйге ойыны. Есептің мәтіні мен шешуін қағаз беттеріне жазады. Осыдан кейін оқушыларға құрастырған есептер жазылған бетті конвертке салып, сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа ұсынады. Шешуі бар қағаз парағын оқушылар өздерінде қалдырады.
Конверттегі есепті алған оқушылар оны шеше бастайды. Берілген есепті шығарған соң оқушылар оған кері есептер құрастырады. Олар осылай шығарған есепті кері есептер арқылы тексере алады.
Математикалық бәйгенің барысында топтардың қалай жұмыс істеп жатқанын бақылау. Оқушылардың есептердің моделін қалай салғанына, қалай талдау жасағанына және қалай шығарғанына назар аудару. Берілген есепке кері есептерді қалай құрастырғанын бақылау. Жұмыс соңында оқушылар: “Қосу амалымен берілген есепке кері есеп азайту амалымен орындалады және керісінше болады” деген қорытындыға келеді.
(Т) Есептерді салыстыр. Оқушыларға турнирді жалғастырып, келесі тапсырманы орындайтындарын айту. Олардың міндеті — үш есепті оқып, салыстыру.

  • Бұл есептерді қалай атауға болады?

  • Берілген есептердің өзара кері есеп екенін дәлелдеп бер.

Оқушылар есептің тақырыбы ұқсас, сандық мәліметтерінің бірдей екенін айтады. Есептің сызбасын салып, шешуі мен жауабын жазып салыстыру арқылы да дәлелдей алады.
Оқушыларға мынадай сұрақтар:
— Бірінші есепті қандай амалмен орындадыңдар? Неге? (Қосу амалымен.)
— Бірінші есепте бүтін белгісіз. (Бүтінді табу үшін белгілі бөліктерді қосады.)
— Екінші есепті қандай амалмен шығардыңдар? Үшіншіні ше? (Азайту амалымен. Екі кері есепте де бөлік белгісіз. Белгісіз бөлікті табу үшін бүтіннен белгілі бөлікті азайтамыз.)
Жауабы:
10 + 30 = 40 (мин.) Жауабы: Дина 40 минут дайындалды.
40 – 30 = 10 (мин.) Жауабы: Дина 10 минут есеп шығарды.
40 – 10 = 30 (мин.) Жауабы: Дина 30 минут сурет салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет