(МК; Ө; Қ) Оқулықта берілген өлеңді оқыту. Тыңдалған өлең мазмұны бойынша оқушының пікірін айтуға мүмкіндік жасау. Оқушыларға пікірін айтып үйрену үшін өлеңді тыңдап немесе оқып болғаннан кейін:
Саған өлең ұнады ма? Неліктен?
Әсіресе саған не ұнады немесе ұнамады? – деген сұрақтар қойылу қажет.
Оқушылардың өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасауын ұйымдастыру.
(МК; Ө; Қ) Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындатып, мақалды мәнерлеп оқытып, негізгі ойды анықтату. Көркемсөз тіркестерін қолдану арқылы мазмұнын жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру. Кері байланыс жасатып, дәлелдету.
Кітап – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы. (МК; Ж; Қ) Оқушылардың бөлім бойынша игерген білімдерін пысықтатып, ұстазына алғыс хат жазу жұмысын ұйымдастыру.
Жұппен жұмыс жасатып, қатені табу және түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
(МК; Т; Қ) Мәтінді мәнерлетіп оқу.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындату.
Дайындаған сұрақтарын оқытып, талдау жасату.
(Ө; Қ) Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастыру.
Оқулықта берілген сұрақтарды оқытып, жауап жазғызу.
Рефлексия
Оқушыларға боялмаған гүлдер таратып беру. Олар бояйды.