Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар


Күні: 24.01.2018 Мұғалімнің аты



бет11/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   137
Байланысты:
Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып

Күні: 24.01.2018

Мұғалімнің аты: Утепова Ж.

Сынып: 1 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Тура және тура емес теңдіктер




Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.2.1 теңдік және теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу
1.5.2.2 «+», «-», «=», «≠», «>», «<» таңбаларын қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • теңдік пен теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдіктерді ажырата біледі

Оқушылардың көпшілігі:

  • “+”, “-”, “=”, “≠”, “>” , “<” таңбаларын, белгісіз сан таңбасын (□) қолдана біледі;

Кейбір оқушылар:

  • алған білімді өмірде қолданады

Бағалау критерийлері

  • теңдік пен теңсіздікті ажыратып үйренеді

Тілдік мақсат

Теңдік және теңсіздік туралы түсінік қалыптасады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Теңдік және теңсіздік

Құндылықтарды дарыту

Топ мүшелерін өзара сыйластыққа, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.

Талқылауға арналған сұрақ:

  • Теңдік пен теңсіздікті қалай ажыратамыз?

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, көркем еңбек, логика

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар



Басы



Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Писихологиялық дайындық



Ортасы



Соңы

Кіріспе тапсырма. Оқушыларды топқа бөлу.
Ойын. Санды өрнектер және салыстыру белгілері бар парақшаларды дайындап, санды өрнектер жазылған парақшаларды шеңбер бойымен орналастыру. Шеңбердің ортасына нұсқар тілді орнату. Оқушылар нұсқар тілді 2 рет айналдырып, қандай санды өрнектерді салыстыратынын анықтап алады. Олар осы мақсатта салыстыру белгілері бар парақшаларды пайдаланады. Мысалы, егер оқушыларға
17+2; 18–4 парақшалары түссе, ол мына үлгіде салыстырылады: 17 + 2 > 18 – 4.
Егер 15–3; 10+2 өрнектері бар парақшалар түссе, олар былай салыстырып жазады: 15 – 3 = 10 + 2.
Барлық оқушылар өрнектері бар парақша жұптарын алып, салыстырған соң бір-бірінің жұмыстарын тексереді.
Құрастырған өрнектердің қалай аталатынын сұрау. Өрнектерді салыстыру нәтижесін теңдік немесе теңсіздік түрінде жазуға болады.
Оқушыларға құрастырған өрнектерін қайтадан оқып, олардың теңдік не теңсіздік екенін анықтауды сұраймын.
Саябақта. Оқулықта бейнеленген сурет бойынша велосипедтегі және шанадағы балалардың санын анықтап салыстырады. Оқушылар тек балалардың санын ғана салыстырып қоймай, бөліктермен қоса санайды. Мысалы, үш бала болды, тағы төрт бала келді немесе жеті бала болды, төрт бала кетіп қалды. Оқушыларға сурет бойынша шағын мәтін құрастыруды тапсыру. Бұл жұмыс түрі есеп шығаруға дайындық болады. Оқушыларға санды теңсіздіктерді салыстырып, оларды ажыраттыру.
Жауабы: а) 1 + 4 < 3 + 4 — бұл теңсіздік;
ә) 5 – 2 < 7 – 3 — бұл теңсіздік;
б) 5 – 3 = 7 – 5 — бұл теңдік.
Санды өрнектер және салыстыру белгілері жазылған парақшаларды пайдалану. Оқушыларды жұпқа бөлу. Оларға жұптаса отырып санды теңсіздіктерді салыстырып, тиісті салыстыру белгілерін қойып шығуды тапсыру. Тапсырманы орындап болған соң шыққан өрнекке байланысты “теңдік” немесе “теңсіздік” сөздерінің тиістісін айтқызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет