Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар


(Ж) Нүктелі қағазға тіктөртбұрыш сал



бет123/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   137
(Ж) Нүктелі қағазға тіктөртбұрыш сал. Нұсқаулықты ретімен орындай отырып, оқушылар нүктелі қағазда тіктөртбұрышты сызуды үйренеді. Тапсырманы орындау барысында оқушылар тіктөртбұрыштың қабырғаларының қасиеттері туралы білімдерін нақтылай түседі. Оқушылардың біреуі тиісті нұсқаулықты ретімен айтып отырады. Екінші оқушы нүктелерді санайды және фигураларды салады. Кейін рөлдерімен ауысады. Ол үшін шаршы салудың нұсқаулығы жазылған парақшаның біреуін таңдап алу қажет.
(Ж) Нүктелі қағазға үшбұрыш сал. Оқушылар нұсқаулықты ретімен орындай отырып, нүктелі қағазда үшбұрыш сызуды үйренеді. Оқушылардың біреуі тиісті нұсқаулықты ретімен айтып отырады. Екінші оқушы нүктелерді санайды және фигураларды салуды орындайды. Кейін рөлдерімен ауысады. Үшбұрыш салу үшін нұсқаулық жазылған парақшаның біреуін таңдап алу қажет.
(Т) Орындап көр. Сыныптағы бір топ (сыныптың жартысы) тіктөртбұрышты салуға арналған нұсқаулықты жазса, екінші топ шаршы салуға арналған нұсқаулықты жазуы тиіс. Құрылған нұсқаулықты парақшада безендіруді сұрау. Олардың тапсырманы дұрыс орындағанын тексеру үшін топтарға парақшалармен ауысуды және берілген өлшемдер арқылы фигураның дұрыс шығатынын тексеруді ұсыну.
Нүктелі қағазға төмендегі фигураларды сызып көр. Бұл тапсырманы орындай отырып, оқушылар нүктелі қағазда фигураларды сызу дағдысын бекітеді. Тапсырмада нұсқаулық берілмейді, оқушылар өздігінен нүктелі қағазда шамамен, нүктелердің арақашықтығын санайды және нақты фигураны алу үшін кесінділер қояды. Бұл тапсырманы түрлі формада өткізуге болады: топпен, жұппен немесе жеке. Сондай-ақ мұны тексеру жұмысы ретінде ұсынуға болады: нүктелі қағазда салынған фигураларды тақтаға бекітіп қоямын. Оқушылар тексеру кезінде өз фигураларын қиып, қағазда бекітілген фигураға беттестіру қажет. Егер фигуралар сәйкес келсе, онда ол дұрыс сызылған.
Ойлан. Оқушыларға жұптарымен бірігіп, берілген нүктелер бойынша барлығы қанша тіктөртбұрыш салуға болатынын анықтауды ұсыну.

  1. Шаршы да тіктөртбұрыш деп есептелетінін.

  2. Берілген нүктелердің тіктөртбұрыштардың бұрыштары екенін.

  3. Барлық нүктені бір мезетте пайдалану міндетті емес екенін алдын ала айтып қою керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет