Жауабы: 6 тіктөртбұрыш.
Суреттегі фигураларға ұқсас фигураларды сызып көр. Тапсырма оқушының жеке орындауына берілген. Нүктелі қағазда берілген фигураның қасына сондай фигураны сызуы тиіс. Тапсырма сыныпта орындалған басқа тапсырмалардан өзгеше, фигураларда қисық сызықтар бар, яғни фигураның барлық қабырғалары бір-бірімен тік бұрыш жасап байланыспаған. Өйткені оқушылар нүктелі қағазда жақсы бағдарлай алады, нүктелерді нақты санай алады және берілген нүктеден дұрыс бағыттарды таңдап алады.
Құлтемір. Шығармашылық қабілетті дамытуға арналған тапсырма. Оқушылар нүктелі қағазда тік төртбұрыштарды, шаршылар мен үшбұрыштарды сала отырып, құлтемірді сыза алады. Тапсырманы орындап болған соң жұмыстар көрмесін ұйымдастыруға болады. Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын көреді және оларды салыстырады, осы ретте олардың айтқан пікірлері сізге қалыптастырушы бағалауды жүргізуге көмектеседі.
Рефлексия. Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Басқаларға көмектесу.
Топ басшысы рөлін атқару
Қорытындыны дәлелдеу
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткіземін.
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс – сергіту сәті Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) – барлық тапсырмаларында.
Көркем еңбек - фигуралар, сауат ашу - суреттер, логикалық ойлау қабілеті.
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?