Жоғарыда сол жақ бұрышта не көрінеді? Оң жақта ше?
Төменде оң жақта не отыр?
Ағаштың үстінде не бар?
(Т) Шығарып көр. - Тапсырмамен танысыңдар, орындау кезеңдерін және рөлдерін өз іштеріңде бөліп алыңдар.
Топтың әрбір мүшесіне төрт заттың біреуінің суреттің ортасындағы затқа қарағанда қалай орналасқанын анықтауды тапсыруға болады. Осылайша, әрбір оқушы тыңдаушының да, сөйлеушінің де рөлінде болады. Берілген тапсырманы деңгейлік тапсырмаға айналдыру үшін қосымша екі сұрақ ұсыну. Ол сұрақтар ортадағы затқа қарағанда басқа заттардың орналасу бағыты өзгеретіндей сұрақтар беру керек. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың қайсысы бағытты жақсы анықтай білетінін, ал кімге көмек пен қолдау қажеттігіне назар аудару.
(Ө) Орындап көр. Жеке орындаса, әрбір оқушы өзі отырған жерден құлтемірдің есікке дейін жүру бағытын көрсететін нұсқаулық жазады. Нұсқаулықта бүгінгі сабақта қарастырылып жатқан сөздерді пайдалану керектігін ескерту. Мысалы: алға қарай 3 адым, солға қарай бір адым т.с.с. Өз нұсқаулығы бойынша жанындағы көршісін есікке дейін бағыттап жүргізеді. Құлтемір рөліндегі оқушының көзі байланады.
(Ө) Ойлан. Тапсырманы әр оқушыға жеке орындатып, өз көршісімен бірге тексеруді ұсыну. Осындай сөйлемді бірнеше оқушыға өз көршілерімен бірлесіп, құрастыртуға болады.
Жауабы: көжек қонжықтың оң жағында отырады.
Көлік қозғалысының бағыты.Жүк мәшинесі солға, велосипедші мен мотоциклші оңға бұрылса, олардың бағытының қай жаққа өзгеретінін бағдар сызықпен сызып көрсету көзделеді. Денелердің бағытын көрсету керек болса, онда оқушыларға тапсырма қиындық туғызуы мүмкін. Алайда осындай қиындықтарды жеңу оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамытуда едәуір көмек көрсетеді.