Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
1.2.2.2 таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалының байланысы негізінде теңдеулерді шешу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді
|
Оқушылардың көпшілігі:
қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады
|
Кейбір оқушылар:
алған білімді өмірде қолданады
|
Бағалау критерийлері
|
теңдеудің мағынасын түсінеді
|
|
қосуға берілген жай теңдеуді таңдау тәсілімен шешуді меңгереді
|
Тілдік мақсат
|
Теңдік және теңсіздік туралы түсінік қалыптасады.
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Теңдік және теңсіздік
|
Құндылықтарды дарыту
|
Топ мүшелерін өзара сыйластыққа, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.
|
Талқылауға арналған сұрақ:
Теңдік пен теңсіздікті қалай ажыратамыз?
|
Пәнаралық байланыс
|
Ағылшын тілі, көркем еңбек, логика
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт есебі
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
ресурстар
|
Басы
|
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
|
Писихологиялық дайындық
|
Ортасы
Соңы
|
Кіріспе тапсырма.
Сабақты көрсетіліммен бастау. Табақты таразының бір жағына 1 кг-дық кіртасын және екінші жағына массасы 2 кг затты қою. Мысалы: қорап, ойыншықтар салынған дорба, оқушының жолдорбасы және т.б. Екінші жағына 3 кг-дық кіртасын қою. Таразының теңескеніне баланың назарын баса аудару.
Нені құра аламыз: теңдікті ме, әлде теңсіздікті ме? (Теңдік.)
1 + х = 3 теңдігін құрайық.
Белгісіз компоненті бар теңдікті теңдеу деп атаймыз. Осы теңдікте бөлік белгісіз, ал бүтін белгілі. Белгісіз компоненттің мәнін табу — теңдеуді шешу деген сөз. Теңдеу түрлері және оларды шешу тәсілдері болады.
|