Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
1.2.2.2 таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалының байланысы негізінде теңдеулерді шешу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
|
Оқушылардың көпшілігі:
қосу мен азайту арасындағы қатынастар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады
|
Кейбір оқушылар:
алған білімді өмірде қолданады
|
Бағалау критерийлері
|
белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шеше біледі
|
|
теңдеуді шешудегі өз іс-әрекетіне түсініктеме жасауды үйренеді
|
Тілдік мақсат
|
Теңдеу туралы түсінік қалыптасады.
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Теңдеу
|
Құндылықтарды дарыту
|
Топ мүшелерін өзара сыйластыққа, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.
|
Талқылауға арналған сұрақ:
|
Пәнаралық байланыс
|
Ағылшын тілі, көркем еңбек, логика
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт есебі
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
ресурстар
|
Басы
|
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
|
Писихологиялық дайындық
|
Ортасы
Соңы
|
Кіріспе тапсырма.
Сабақты жалпы тексеруден бастау. Теңдеу шешуді ұсыну, мысалы, 5 + х = 13. Алғашында теңдеуді сандық сәуленің көмегімен шешу. Содан кейін бір-біріне қосуға болатын текшемен шешіп көру. (Мысалы: Lego) Бір-біріне 5 текшені қосу.
13 текше болғанша 1 текшеден біртіндеп қоса беремін. Бірінші жалғаған текше алтыншы болады, екінші... жетінші және тағы сол сияқты сегізінші текше он үшінші болады. Осыдан кейін алғашқы жиналған 5 текшені алып тастау керек және жалғаған бөліктің неше текшеден тұратынын санаймыз.
8 деген жауап алынады. Қорытынды жасау.
Теңдеу сандық сәуленің (қадамдарды санау) және заттардың көмегімен шешілді (текшелерді санау).
Мұндай ресурстарды үнемі қолдана беретіндей жағдай болмайды. Сондықтан белгісіз қосылғыштармен берілген кез келген теңдеуді шешетін ереже керек деген қорытындыға келтіру. Әртүрлі жауап алған оқушылармен бірігіп, теңдеуді қайтадан шешкізу. Теңдеуді шешу кезінде бөлік пен бүтіннің өзара байланысын түсінуге жетелеу. Оларға мынадай сұрақтар қою:
— Осы теңдеудегі бөлік пен бүтінді ата.
— Белгісіз қосылғыш болып табылатын не?
— Бөліктер мен бүтіннің өзара байланысы туралы қандай ережелер бар? (1. Белгісіз бөлікті табу үшін бүтіннен белгілі бөлікті алу қажет. 2. Белгісіз бүтінді табу үшін оның бөліктерін қосу қажет.)
— Теңдеудегі белгісіз қосылғыштарды табу үшін олардың қайсысын қолданамыз?
Егер бөлікті табу керек болса, бүтіннен басқа бөлікті алу керек деген қорытынды жасату. Ендеше белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайту керек.
Мысалы: Белгісіз қосылғышпен берілген теңдеуді қалай ше шу керек? Ол үшін:теңдеуден амалдар компонентін тауып, оны белгілеу;
егер х қосылғыш болса, “Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты алу керек” деген ережені пайдалану; амалды орындау; жауабын жазу.
|