Ойын «Әріптер әлемі»Шарты: өткен әріптерді пысықтап олармен сөз, сөйлем ойлату. Тақтада бірнеше әріптер берілген, осы әріптерді қатыстырып сөз, сөйлем ойлаймыз. Х, ю, һ, в. Хат, ою, жиһаз, вокзал. Ағам хат жазды. Әжем ою ойды. Біз жиһаз алдық. Вокзал үлкен және әдемі.
Жаңа сабақ - Оқушылар жұмбақ шешкіміз келе ме?
Қыста дем алып, жазда тынбайды,
Көкке атылып, жерге құлайды. (фонтан)
Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа. (футболшы)
- Фонтан, футболшы сөздері қандай дыбыстан басталған?
- Ф дыбысынан
- Ендеше біз бүгінгі сабағымызда Ф дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Ф Бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі созылып айтылмайды.
Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс. Орыс тілінен енген дыбыс
Ф дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта
болады да тіске тимейді, иек сәл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл ауыз қуысында еркін жатып, дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса Ф дыбысы жасалады.
- Ф дыбысын хормен айту.
- Қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Көк дөңгелекшемен
Тақтамен жұмыс. (Суретпен жұмыс жүргізу)
- Оқушылар тақтаға назар аударамыз.
Мынау Ф әрпінің баспа түрі. Оны оқулықтардан, газет, журналдардан көреміз.
Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.
- Мынау не?
- Фонарь (дыбыстық талдау жасау)
- Буынға бөлеміз, неше буын бар? фо - нарь
- Екі буын демек неше дауысты дыбыс бар екен?
- Екі дауысты дыбыс бар.
- Суретке назар аударайық. Кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Балаларды. Олар қандай ойын ойнап жүр?
- Футбол
- Футбол сөзін буынға бөлу. Фут - бол
- Неше буын бар?
- Ф дыбыс сөздің қай буынында айтылады?
- Футбол ойыны туралы не білесіңдер?
(оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын ашып түсіндіру.
Ферма - шаруашылық орталығы
Фирма - мекеме, жұмыс орындары
Фото - сурет
Факс - телефон арқылы жіберілетін хат
Телефон - сөйлесу құралы
Телеграф - телефон соғу орталығы.
Футбол - доппен ойнайтын ойын түрі
Әлфараби - адамның аты
Ф дыбысы сөздердің қай жерінде келеді?
Басында, ортасында, аяғында келеді, демек барлық буындарда айтылады. Ф орыс тілінен енген әріп, сондықтанда қазақша сөздерде қолданылмайды.
Футбол өлеңін оқып беру.
Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар - ақ.
Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап.
Сіздерге футбол ойыны ұнай ма?
- Оны қалай ойнаймыз?
- Екі топқа бөлініп
Футболды қай жерде ойнау керек?
- Арнайы футбол ойнайтын алаңда
- Допты көшеге жақын жерлерде ойнауға бола ма?
- әл - Фараби өлеңін оқып бері, түсіндіру.
- әл - Фараби – ғұлама, данышпан, ғалым.
Бала болсаң талапты,
Біліп өскін Фарабты.
Әбу Насыр қаланың
Әлемге атын таратты.
Оқулықпен жұмыс 4 топқа бағандағы сөздерді, футбол, әл - Фараби өлеңдерін оқыту.
Сергіту сәті:
Көбелек тұрды ертемен,
Күлімсіреп керілді,
1 - шықпен бетін жуды,
2 - шыр айналып бұрылды,
3 - еңкейіп жерге жетті,
4 - дегенде ұшып кетті.
Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ф әрпінің бас әрпі мен кіші әрпін жазу.
Ф әрпін ауада жазып көрсету.