Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар


Тілдік құзыреттілікті дамыту



бет51/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   137
Байланысты:
Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып

Тілдік құзыреттілікті дамыту
Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу. Әр топқа тірек сөздер әріптері жазылған үлестірмелі қимақағаздарды таратып беру. Оқушылар олардан тірек сөздер құрастырып, айта алады. Деңгейлеп оқыту мақсатында кейбір оқушыларға осы сөздермен сөйлем құрастыруды тапсыруға болады.
(Ұ) Саяхат.

  • Негеш пен Эврика саяхатқа шығуға жиналды. Қайсысың саяхаттап көргенсіңдер? Саяхаттан алған әсерлерің қандай?

Басқа елдерге саяхаттап баруға, қонақүйлерге, қонақжайларға тоқтауға болады. Сонымен қатар табиғатқа шығуға, орманға баруға, шатырларда демалуға болады.
- Оқулықтағы суретке назар аудар.
— Негеш пен Эврика қалай демалмақшы ? (Жолдорбаларын алып, табиғат аясында белсенді серуендеуге барады.)
— Сапаржайдағы карта мен жазуға қараңдар. Біздің кейіпкерлеріміз қай жерден қайда барады? (Астанадан — Бурабайға.)

  • Қазақстанның інжу-маржаны болып табылатын осы өлке туралы не білесіңдер?

— Балалар бірден Бурабайға жете ала ма? Неге?
— Олар қандай көлікпен жетеді?
— Ол қанша уақыт алады?
— Сендерге кейде уақыт “жүйрік” болып көріне ме?
— Ал кейде өте баяу жылжитындай болып көрінді ме? Қандай жағдайда? Айтып беріңдер.
Талқылау жүргізіп, қажетті жерге жету үшін белгілі бір уақыт керек деген қорытынды жасау. Баратын жер неғұрлым алыс болса, жету үшін соғұрлым көп уақыт жұмсалады.
(Ө) Гүлдің өсуіне қанша уақыт қажет?

  • Суреттерге назар аударыңдар. Бірінші суретте не бейнеленген? (Тұқым.)

  • Екіншіде? (Өскін.) Өскін қайдан пайда болды? (Тұқымнан.)

  • Үшінші суретте не бейнеленген? (Өсімдік гүл жарды.)

  • Сендер қалай ойлайсыңдар, бірінші сурет пен үшінші сурет арасында қанша уақыт өтті? (Бір айға жуық.)

  • Уақытты тоқтатып қоюға бола ма? (Жоқ.)

  • Егер уақыт тоқтап қалса, онда... — деп, қиялдап көрейікші.

Уақыт көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды. Ол өткен шақтан болашаққа қарай жылжиды. Барлық өзгерістер уақыт аралығында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет