Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар


Пән: дүниетану Мектеп



бет54/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   137
Байланысты:
Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып

Пән: дүниетану

Мектеп: №36

Ортақ тақырып: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Мұғалімнің аты: Құлбаева Г.

Күні: 15.02.2018.




Тақырыбы: Мен қазақпын

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Оқу мақсаты:

1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу
1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

  • қазақ халқының тарихымен танысады;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • оның рухани құндылықтарын түсінуді үйренеді;

Кейбір оқушылар:

  • батырлардың қазақ халқының тарихындағы рөлін түсінеді.



Бағалау критерийлері:

  • «батыр» ұғымын және батырлардың қазақ тарихындағы рөлін біледі;

  • мақал-мәтелдер мен аңыздардың мағынасын түсінеді;

  • қазақ халқының тарихымен танысады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
ауыз әдебиеті – фольклор – folklore; ерлік – мужество – bravery.




Талқылауға арналған сұрақ:

  • Адамдар ғарышты қазір қалай зерттейді?

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, зиян келтірмеуге, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, орыс тілі, көркем еңбек, логика

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар



Басы




Ертеңгілік шеңбері
1, 2, 3,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты татаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

Писихологиялық дайындық




Ортасы


Соңы

Кіріспе .
Бұл сабақты «фольклор» ұғымын түсіндіруден бастаған дұрыс. Ол үшін Қожаберген жыраудың нағыз қазақ әніне айналған «Елім-ай» әнінің дыбыстық немесе бейнежазбасын тыңдатуға болады. Тыңдап болғаннан кейін:

  • Бұл ән қандай сезім оятты?

  • Мағынасы қандай екен? Оқушылардың болжамдарын тыңдау.

  • Бұл ән қазақ халқының ең ауыр жылдарында пайда болған. Қаптаған жоңғарлар қазақтың бейбіт ауылдарына қаһарлы күшін төкті. Мыңдаған адамдар туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Міне, сол кезде барлығы білетін және айтатын осындай зарлы ән пайда болды. Ауыздан ауызға беріліп отырған осындай әндер, мақал-мәтелдер, аңыздар фольклор немесе халық ауыз әдебиеті деп аталады.

Толағай.



Толағай



  • Танысып қой, бұл – батыр Толағай.

  • Неліктен ол батыр атанды деп ойлайсың?

Бұл тапсырманы орындау үшін «Жеті жебе» әдісін қолдану. Ол үшін сабақ басталар алдында тақтаға қазақ батыры бейнеленген суретті ілу. Суреттің айналасына бормен жеті жебенің суретін салу. Балаларға «Жеті жебе» бізге қазақ батырлары туралы әңгіме қозғауға көмектесетінін айту. Оқушыларға оқулықтағы 1-суретті ұсыныңыз. Егер мүмкіндік
болса, олар Толағай батырдың ерлігі көрсетілген мультфильмнен үзінді көрсін. Оқушылар жұпта қандай қасиеттері арқылы Толағайды батыр деп атауға мүмкіндік беретінін талқылайды. Талқылағаннан кейін оқушыларға қалауы бойынша жебелерге батырдың ерекше қасиеттерін жазуды ұсыну.
Жауабы: Күшті, ержүрек, батыр, қайсар, елжанды, жанашыр, мейірімді.
Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқуды ұсыну. Бекіту ретінде жұмыс дәптерінде қосымша тапсырма орындауға болады.
Халық даналығы. Оқушылар мақал-мәтелді оқиды және мағынасын түсіндіреді. Тапсырманың екінші сұрағына жауап беру үшін оқушылар өз өмірлік тәжірибелерін қолдануы тиіс. Олардың назарын бейбіт өмірде адамдардың игілігі үшін жасалған кез-келген игі істер ерлік болып саналатынына аудару. Мысалы, қарттарға, мүгедектерге көмек, өрт сөндіру.
Мен кіммін? Тақтаға Қасым ханның суретін ілу. Оқушыларға бір-бірден стикер тарату және портретке қатысты бір сұрақтан жазуды ұсынамын. Содан кейін оқушылар айдардың мәтінін және 2-мәтінді өз бетімен оқиды.

  • Оқыған материалдарда сұраққа жауап бар ма? Егер жауап бар болса, онда оқушылар тақтаға барып, өз стикерін алсын. Егер тақтада тағы да стикерлер қалған болса, онда деректі материалды қолдана отырып, сұрақтарға жауапты өзіңіз бере аламыз. 2-3 қызықты сұрақты қалдырып, қабілеті жоғары оқушылардан үйден интернет ресурсынан жауаптар табуға тапсырма беру.

Сен білесің бе? Бұл айдар мазмұнының тәрбиелік мағынасы зор, бірақ 1-сынып оқушыларының қабылдауы қиын. Сондықтан мұғалім оның мағынасын өзі ашып бергені дұрыс. Мәтінді оқудың алдында оқушыларға бейнелі түрде салыстыруды ұсынамын. Оларға әр халықтың ана тілі, мәдениеті – бұл оған қорек беретін және ұстап тұратын өсімдік тамыры тәрізді екенін түсіндіру. Сыныптағы ең әдемі бөлме гүлін үстелге қою.

  • Бұл гүлді суармаса, не болады? Жауабы: Гүл қурайды.

  • Ана тілі де тура сол сияқты. Егер ана тілінде сөйлемесе, ол біртіндеп жойылып кетеді. Тіл болмаса, халық та болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет