«ь» таңбасымен таныстыру. Оның сөз ортасында, аяғында келу үлгілерін көрсету. Таңбасын үйрету.
- ь – жіңішкелік белгісі деп аталады. Ол сөздің ортасында және соңында кездеседі. ь дыбысы бар сөз жіңішке айтылып айтылады. ь дыбысы орыс тілінен енген дыбыстардың бірі.
Оқулықтағы сюжетті суретпен жұмыс жасап, жаңа сөздермен таныстыру.
Коньки сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Жұмбақ жасыру.
- Темір аяқты,
Ағаш таяқты (циркуль) ь дыбысы кездесетін сөздермен таныстыру. Мақсаты: ь дыбысы кездесетін сөздердің айтылу ерекшелігін меңгерту.
- лагерь, рояль, альбом, циркуль, фильм, рельс, коньки, компьютер.
Сөздердің мағыналарын түсіндіру Лагерь – балалардың демалыс орны.
рояль – музыкалық аспап.
альбом – сурет салатын арнайы дәптер, фото сақталатын арнайы жабдық.
циркуль – өлшеуіш құрал
фильм – кино
рельс – пойыз жолы
коньки – сырғанақ жабдығы
компьютер – техника
- ь дыбысы ортада айтылып тұрған сөзді тапқызу.
- ь дыбысы аяғында кездесетін сөздерді тапқызу.
- осы сөздерді буынға бөлдіру.
- 1 буынды сөзді тапқызу.
- 2 буынды сөзді тапқызу.
- 3 буынды сөзді тапқызу.
Суретпен жұмыс. Мақсаты: сөздік қорларын байыту, ойлау кеңістіктерін кеңейту.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру: Лагерь суреті беріледі. Осы суретке байланысты мәтін құрату.
Мәтінде неше сөйлем бар екенін анықтату.
(МК; Ж; Қ) Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастыру. Кестедегі сөздерді оқытуды жүзеге асыру. Сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқытып, сөздік, буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізу.
(МК; Ө; Қ) Оқулықтағы тапсырманы оқыту.
Наурыз мерекесі туралы не білесіңдер?
Сюжетті суреттердің желісі бойынша «Наурыз мерекесі» тақырыбына әңгіме құрастырту. Оқушылардың өз ойын көркемсөз тіркестерін қолданып жеткізулеріне ықпал ету.
(МК; Т; Қ) Мәтінді оқушыларға мәнерлеп оқытып, негізгі ойды анықтату. Асылға көмектесу мақсатында құттықтау хат жазу жұмысын ұйымдастыру.
Мысалы: Құрметті ата! Сізді кәсіби мерекеңізбен құттықтаймын! Деніңіз сау болсын! Немереңіз Асыл, т.с.с.