Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар



бет69/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   137
Байланысты:
Математикадан Теңдік және теңсіздік тақырыбында сабақ жоспары 1 сынып

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • ь дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады.

Кейбір оқушылар:

  • Берілген сөзге сұрақ қоя алады.

Бағалау критерийлері

  • Оқудың түрлерін (буындап оқу,тұтас оқу) қолдана алады.

  • Ойын ережесін құрастыра алады.

  • Жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап талаптарға сай жазады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Коньки, компьютер, альбом, лагерь

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Альпинист деген кім?

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, зиян келтірмеуге, жан-жануарларды күтіп бағуға, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, орыс тілі, көркем еңбек, логика

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі




ресурстар



Басы

Ширату жаттығуы
Қол ұстасып бәріміз,
Жылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.

Писихологиялық дайындық

Ортасы


Соңы

«ь» таңбасымен таныстыру. Оның сөз ортасында, аяғында келу үлгілерін көрсету. Таңбасын үйрету.
- ь – жіңішкелік белгісі деп аталады. Ол сөздің ортасында және соңында кездеседі. ь дыбысы бар сөз жіңішке айтылып айтылады. ь дыбысы орыс тілінен енген дыбыстардың бірі.
Оқулықтағы сюжетті суретпен жұмыс жасап, жаңа сөздермен таныстыру.
Коньки сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Жұмбақ жасыру.
- Темір аяқты,
Ағаш таяқты (циркуль)
ь дыбысы кездесетін сөздермен таныстыру.
Мақсаты: ь дыбысы кездесетін сөздердің айтылу ерекшелігін меңгерту.
- лагерь, рояль, альбом, циркуль, фильм, рельс, коньки, компьютер.
Сөздердің мағыналарын түсіндіру
Лагерь – балалардың демалыс орны.
рояль – музыкалық аспап.
альбом – сурет салатын арнайы дәптер, фото сақталатын арнайы жабдық.
циркуль – өлшеуіш құрал
фильм – кино
рельс – пойыз жолы
коньки – сырғанақ жабдығы
компьютер – техника
- ь дыбысы ортада айтылып тұрған сөзді тапқызу.
- ь дыбысы аяғында кездесетін сөздерді тапқызу.
- осы сөздерді буынға бөлдіру.
- 1 буынды сөзді тапқызу.
- 2 буынды сөзді тапқызу.
- 3 буынды сөзді тапқызу.
Суретпен жұмыс.
Мақсаты: сөздік қорларын байыту, ойлау кеңістіктерін кеңейту.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру: Лагерь суреті беріледі. Осы суретке байланысты мәтін құрату.
Мәтінде неше сөйлем бар екенін анықтату.
(МК; Ж; Қ) Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастыру. Кестедегі сөздерді оқытуды жүзеге асыру. Сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқытып, сөздік, буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізу.
(МК; Ө; Қ) Оқулықтағы тапсырманы оқыту.

  • Наурыз мерекесі туралы не білесіңдер?

Сюжетті суреттердің желісі бойынша «Наурыз мерекесі» тақырыбына әңгіме құрастырту. Оқушылардың өз ойын көркемсөз тіркестерін қолданып жеткізулеріне ықпал ету.
(МК; Т; Қ) Мәтінді оқушыларға мәнерлеп оқытып, негізгі ойды анықтату. Асылға көмектесу мақсатында құттықтау хат жазу жұмысын ұйымдастыру.
Мысалы: Құрметті ата! Сізді кәсіби мерекеңізбен құттықтаймын! Деніңіз сау болсын! Немереңіз Асыл, т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет