Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Қосу мен азайту амалына берілген есептерді шығарады
|
Оқушылардың көпшілігі:
санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдайды және шығарады
|
Кейбір оқушылар:
|
Бағалау критерийлері
|
бірнеше бірлікке арттыру мен кемітуге арналған есептерді шығарады;
|
|
есептерді сызба бойынша шығарады;
|
|
кері есептер құрастыруды меңгереді.
|
Тілдік мақсат
|
Есеп және оны шешу туралы түсінік қалыптасады.
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептер
|
Құндылықтарды дарыту
|
Топ мүшелерін өзара сыйластыққа, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.
|
Талқылауға арналған сұрақ:
Кері есепті қалай құрамыз?
|
Пәнаралық байланыс
|
Ағылшын тілі, көркем еңбек, логика
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт есебі
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
ресурстар
|
Басы
|
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
|
Писихологиялық дайындық
|
Ортасы
Соңы
|
Кіріспе тапсырма.
“...артық”, “...кем” ұғымдарын қайталау үшін оқушыларға (Ұ) “Артық — кем” ойыны.
Оқушылардан бір жаққа екі, ал екінші жағына одан екеуі кем қарындаш; бір жаққа төрт, ал екінші жағына, одан біреуі кем қарындаш және т.с.с. қоюды ұсыну.
Тақтаға алдын ала бірінші ережедегі есепті шығару сызбасын көрсетіп қоямын. Оқушыларды есептің шартымен таныстыру. Есептің шартын сызбамен сәйкестендіру. Ол үшін оқушыларға жетелеуші сұрақтар:
— Есепте кімдер туралы айтылып тұр? (Үлкендер мен балалар.)
— Бұл сызбада қалай көрсетілген?
— Үлкендер мен балалардың саны ненің көмегімен көрсетілген?
— Саябаққа неше үлкен адам барды? (Үш.)
— Бұл сызбада қай жерде көрсетілген?
— Балалар туралы не айтылған? (2-ге артық.)
— Бұл сызбада қалай көрсетілген?
— Есепте нені сұрап тұр? (Саябаққа неше бала барды?).
— Сызбада есептің сұрағы қайда жазылған?
— Балалар санының артық екенін көрсететін кесінді үлкендер санын көрсететін кесіндіден неге артық? (Өйткені есепте 2 бала артық деп айтылған.)
Есептегі белгілі компонентті ата.
Жаңа есепте ол белгісіз болсын.
Есептегі белгісіз компонентті ата.
Жаңа есепте ол белгілі болсын.
Жаңа есепке сұрақ ойластыр.
Есепті сараптауда оқушыларға есептің құрамдас бөліктерін, яғни “Шартын”, “Сұрағын”, “Шешуін”, “Жауабын” атауды және “...-еуі артық”, “... -еуі кем” сөз тіркестерін дұрыс қолдануды, оларды “+” және “–” математикалық амалдармен байланыстыруды үйрету керек.
(Т) Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа есеп ойластыруды ұсыну. Топ мүшелеріне ойлаған есептерін айтып беруіне мүмкіндік беру. Содан соң оқушыларға есепті өз бетінше шығаруды ұсыну. Бұл үшін қағазға есептің шешулері мен жауаптарын жазып, кейін топта тексеруді қадағалаймын. Жауаптары сәйкес келген оқушылардан қолдарын көтеруді сұрау. Келіспеген жағдайда қателерін сараптап көрсету.
Жауабы: 4 + 3 = 7 (сөмке).
(Ұ)
- Есепте не туралы айтылады?
Саябақта 6 бала велосипед тепті, ал скейтборд тепкен балалар саны 4-ке кем. Қанша бала скейтборд тепті?
|