1.1.3.6 1 теңгелік, 2 теңгелік, 5 теңгелік,10 теңгелік, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік белгілі бір соманы біледі.
Оқушылардың көпшілігі:
Кейбір оқушылар:
Алған білімді тәжірибеде қоланады.
Бағалау критерийлері
құны әртүрлі монеталарды ұсақтау арқылы есептесуге жаттығады.
жаттығу негізінде есептеу дағдылары қалыптасады.
санды өрнектердің мәнін табуға жаттығады;
ақшаны ұсақтаудың ең ыңғайлы тәсілдерін таңдап үйренеді.
Тілдік мақсат
Монеталармен төлеу дағдысы қалыптасады
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
монета
Құндылықтарды дарыту
Топ мүшелерін өзара сыйластыққа, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.
Талқылауға арналған сұрақ:
Ақшаны ұсақтау не үшін керек?
Пәнаралық байланыс
Ағылшын тілі, көркем еңбек, логика
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі
Жоспарланған жаттығу түрлері
ресурстар
Басы
Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Писихологиялық дайындық
Ортасы
Соңы
Кіріспе тапсырма. Мына монеталарды ұсақта. Бір 10 теңге екі 5 теңгеге, бір 20 тг екі 10 теңгеге, бір 5 тг бес 1 теңгеге, бір 2 тг екі 1 теңгеге тең екенін оқулықтағы сурет бойынша қарастыру. Сурет бойынша оқушылардың өздерін сөйлету.
Ақшаны ұсақтау не үшін керек?
Дәлме-дәл есептесу, тура төлеу үшін ақшаны ұсақтау керектігіне оқушының көзі жетеді.
(Ж) Тиындарды ұсақтаудың cуретте көрсетілгеннен басқа тәсілдерін айтып, сабақты “Кім жеңімпаз?” ойынын ойнатумен жалғастыру.
Ойын текшесін және құны 2 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңге монеталармен ойыншылар кезекпен текшені лақтыруы керек. Текшенің жоғарыға қарап түскен жағындағы санды ойыншылар құны ең төмен монеталармен жинап көрсетуі керек. Құны түскен санға тең монетаны қолдануға болмайды.
(Ж) Алдымызға 10 тг, 20 тг деп жазылған қағазды төңкеріп қойып, сыныптан бір оқушыны ортаға шақырып, парақшаның біреуін таңдап, онда берілген ақшаны сынып оқушыларына көрсетеді. Парақшада берілген ақшаның құны бойынша ұсақтау түрін жұппен көрсетеді. Бірнеше тәсілін көрсетуге болатынын ескерту.
Тапсырманы орындауға уақыт бөлу. Уақыт аяқталған соң әр жұптың өз жұмысын сыныптағы басқа оқушыларға көрсетсін. Ұсақтау тәсілдерін салыстырып, қорытынды жасату. Ұсақтаудың бірнеше тәсілін көрсете білген оқушыларды қолпаштап, жетістігін айта кету.
Келесі оқушыны тақтаға шақырамын. Ол оқушы ұсақтайтын ақшаны анықтаған соң оның жұппен жұмыс істеуін өтіну. Ойын осылай жалғасып, құны бірдей ақшаны ұсақтаудың бірнеше түрі тәжірибе түрінде қарастырылады.
(Ұ) Шайға төле.
Тапсырмадағы сұраққа жауап беру үшін, алдымен не істеу керек?
Сәуленің қолында қандай монеталар бар?
Үш 10 теңгелік монетамен қалай есептесуге болатынын анықтап көр.
Оқушылар 30 тг беріп, артық ақшаны қайтарып алуға болатынын айтуы мүмкін.