Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
санды бірнеше бірлікке арттырады және кемітеді
|
Оқушылардың көпшілігі:
айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдайды және шығарады;
|
Кейбір оқушылар:
берілген есепке кері есеп құрастырады және шығарады
|
Бағалау критерийлері
|
бірнеше бірлікке арттыру мен кемітуге арналған есептерді шығарады;
|
|
есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдейді;
|
|
есепті шығару үшін тірек сызбаны таңдайды.
|
Тілдік мақсат
|
Есеп және оны шешу туралы түсінік қалыптасады.
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептер
|
Құндылықтарды дарыту
|
Топ мүшелерін өзара сыйластыққа, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.
|
Талқылауға арналған сұрақ:
Кері есепті қалай құрамыз?
|
Пәнаралық байланыс
|
Ағылшын тілі, көркем еңбек, логика
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт есебі
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
ресурстар
|
Басы
|
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
|
Писихологиялық дайындық
|
Ортасы
Соңы
|
Кіріспе тапсырма.
Сабақты қайталаудан бастау.
(Ұ) “Шынжыр” ойыны: бірінші оқушы санды атайды, мысалы, 5. Мен келесі санның 2-ге кем екенін айтамын, басқа оқушы сол санды атайды, ал мен тағы да шарт қоямын, мысалы, 3-ке артық, келесі оқушы сол санды атайды. Егер оқушы қателессе, онда басқа оқушы жалғастырады. Ойынға оқушыларды мүмкіндігінше көбірек қатыстыру керек.
Тақтаға екі оқушыны шақыру. Біреуінің қолына 5, ал екінші оқушыға 7 қарындаш беріп, қолдарын артына ұстауды сұрау.
Бір оқушының қарындашы 2-ге артық.
Оқушыларда қанша қарындаш барын сана. Барлық жауап нұсқаларын тыңдау, содан соң екі оқушыға оларда неше қарындаш бар екенін көрсетуді ұсыну.
7-нің 5-тен екеуі артық екенін қалай білуге болады?
— Қандай математикалық амалды қолдандыңдар? (Азайту.)
— Азайту амалының нәтижесі қалай аталады? (Айырма.)
Оқулықтағы ережемен таныстыру. Ережедегі сызбаны тақтаға жазып, оны сараптау. Оқушыларға мынадай сұрақтар:
— Бірінші кесіндіде қай сан белгіленген?
— Екінші кесіндіде қай сан белгіленген?
— Неге бірінші кесінді екіншіден қысқа?
— Нені міндетті түрде білу керек?
— Мұны қалай білдіңдер? Қай амалмен?
— 6-ның 4-тен нешеуі артық?
— 4-тің 6-дан нешеуі кем?
(Ж) Кесінділер.
- Әр кесінді неше бөлікке бөлінгенін сана және сұраққа жауап бер. Содан соң оқушыларға бір-біріне қарай бұрылып, жаңадан жұп құрастырып, қандай жауап шыққанын айтуды және жауаптары сәйкес келгендердің қол көтеруін сұраймын. Кейбір оқушыларға жауаптарын айтып беруді ұсыну.
|