(Ж) Шығарып көр. Оларға сызбамен танысу үшін уақыт беру. Содан соң жұптық сызбаға шартын жазып, есепті шығарып, шешуін қағазға жазуды ұсыну. Сызбаны оқуға қиналатын оқушыларға көмек көрсету. Бірнеше жұптың оқушыларына өз есептері туралы айтуды ұсыну. Содан кейін кейбір оқушыларға шешуі мен жауабын айтуды, ал қалғандарына айтылған жауаппен келіссе, бас бармағын жоғары көтеруін, келіспеген жағдайда төмен түсіруін сұрау. Сұрақтар әртүрлі болса да, шешулерінің бірдей болуына оқушылардың назарын аудару. (Қанша артық немесе қанша кем?)
- Неге бұлай болды?
Жауабы: 9 – 6 = 3.
(Т) Орындап көр. Оқушыларды есеп құрастыру үшін топтарға бөлу. Есепті шығару дағдылары төмен топтарға бір суретті ғана таңдап және оған ауызша есеп ойластыруды, ал қалған топтарға екі немесе үш суретті таңдап алып есеп құрастыруды ұсыну. Оқушыларға тапсырманы орындап болған соң, өзге топқа барып құрастырған есепті айтып беретін оқушы таңдау қажеттігін ескерту. Әр топ бірнеше есепті шығаруға мүмкіндік алу үшін бірнеше рет орындарымен ауыстыру. Топтардың жұмысын, олардың есептерді талдау барысын бақылап және оқушылардың есептерді шығаруын қадағалап, қиындық туған жағдайда жетелеуші сұрақтар қойып, көмек көрсету. Тапсырманы орындап болған соң ұсынылған барлық есептерді дұрыс шығарған топтарға қолдарын жоғары көтеруді өтіну. Жауабы: 6 – 3 = 3; 5 – 3 = 2; 9 – 3 = 6.
(Ө) Ойлан. “Үндемес” ойыны. Оларға есепті іштерінен оқып шығып, дұрыс шешімінің қасына қарындашты қоюды сұраймын. Оқушылардың жанына барып, олардың таңдауын көру. Содан кейін өз таңдауын түсіндіргісі келетін оқушыларға сөз беру.
Жауабы: 7 – 4 = 3.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру Есепті сараптап талдау кезінде оқушыларға есептің құрамдас бөліктерін, яғни “Шарты”, “Сұрағы”, “Шешуі”, “Жауабын” атауды ұсыну. Есепті шығармас бұрын “бірнеше бірлікке артық немесе кем қандай да бір санды табу үшін үлкеннен кішіні азайту керек” немесе “сандардың айырмасын білу керек” деген ережені айтып шығуды ескерту.
Фигурадағы сандар. Оқушыларға үлгіге қарап, үшбұрыштағы сандарды қалай алуға болатыны туралы айтуды ұсыну. Содан кейін тапсырманы өз бетінше орындауды сұрау. Содан соң өздерін тексеру үшін тақтаға үлгі есепті шығару. Оқушылар өздерін үлгі бойынша тексеруі керек.
Жауабы: түсіп қалған сандар: 2, 3, 0.
Оқушыларға мынадай сұрақтар:
— Бірнеше бірлікке артық немесе кем санды табу үшін не істеу керек?
— Түйеқұс 3 метрге, ал кенгуру 9 метрге секіреді. Кенгуру түйеқұстан неше метр артық секіреді? Түйеқұс кенгурудан неше метр кем секіреді?
Рефлексия. Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.