Сабақтың тақырыбы: Көлемнің өлшем бірліктері. Текше және тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін табу
Сабақтың мақсаты: Білімділік:денелердің көлемі, көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін кеңейту, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, көлемді фигуралардың көлеміне септеп табуға үйрету.
Дамытушылық: танымдық ойындар арқылы шығармашылық, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын жетілдіру, өздіктерінен қорытынды шығара білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қима қағаздар, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің макеттері.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру, талдау, проблемалық әдіс.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Психологиялық тренинг
Балалар біз сабақ бастамас бұрын психологиялық тренинг жүргізіп жіберейін.
Қане, олай болса өзіміз қалаған бір пішінді таңдап аламыз. Сол пішінге қарап мен сендердің мінездеріңе сипаттама беремін.
Шаршы – ұйымдастырғыш, байқампаз, ұқыпты, ұстамды.
Текше – бұл типтегі адамдар өте еңбекқор және бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді.
Зигзак – арманшыл, ойын сауыққа құмар, қызығушылығы жоғары.
Дөңгелек – қарым-қатынасты жоғары бағалайды, сезгіш,кең пейілді.
Үшбұрыш- көшбасшы, билікке талпынады, тез шешім қабылдағыш, шыдамды.
II. Өткен материалды қорыту кезеңі: