Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#126956
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
0007ef3a-8b141360


Сабақтың тақырыбы: Көлемнің өлшем бірліктері. Текше және тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін табу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:денелердің көлемі, көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін кеңейту, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, көлемді фигуралардың көлеміне септеп табуға үйрету.
Дамытушылық: танымдық ойындар арқылы шығармашылық, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын жетілдіру, өздіктерінен қорытынды шығара білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қима қағаздар, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің макеттері.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру, талдау, проблемалық әдіс.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Психологиялық тренинг


  • Балалар біз сабақ бастамас бұрын психологиялық тренинг жүргізіп жіберейін.

  • Қане, олай болса өзіміз қалаған бір пішінді таңдап аламыз. Сол пішінге қарап мен сендердің мінездеріңе сипаттама беремін.

Шаршы – ұйымдастырғыш, байқампаз, ұқыпты, ұстамды.
Текше – бұл типтегі адамдар өте еңбекқор және бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді.
Зигзак арманшыл, ойын сауыққа құмар, қызығушылығы жоғары.
Дөңгелек – қарым-қатынасты жоғары бағалайды, сезгіш,кең пейілді.
Үшбұрыш- көшбасшы, билікке талпынады, тез шешім қабылдағыш, шыдамды.
II. Өткен материалды қорыту кезеңі:

  • Жақсы балалар, бұлар қандай пішіндер?

  • Осы пішіндердің атауын айтыңдаршы. (шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, ромб, тікбұрыш, текше, параллелипипед)

  • Бұл пішіндердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? (текше, параллелипипед көлемді, қалғандары жазық пішіндер)

  • Көлем дегеніміз не?

  • Көлемнің өлшем бірлігін кім айтады?

  • Ендеше сандардың кубын еске түсірейік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет