Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет5/5
Дата27.11.2023
өлшемі37,13 Kb.
#129629
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
alkandardy-rylysy-nomenklaturasy-izomeriyasy-asietter-oldanyluy-alynuy

Б) Химиялық тұрақты, қышқылдармен, сілтілермен, тотықтырғыштармен әрекеттеспейді.
В) Орынбасу реакциясы (алкандарға сапалық реакция). Бұл реакция галогендермен жарық қатысында сатылап жүреді.
Н Н
Н-С-Н+ Сl-Сl Н- С –Cl + Н-Cl
Н Н
Н Н
Н-С-Cl+ Cl-Сl H- С –Cl + Н-Cl
H Cl
Н Н
H-С-Cl+ Сl-Сl Cl- С –Cl + Н-Cl
Cl Cl
Н Cl
Cl-С-Cl+ Сl-Сl Cl- С –Cl + Н-Cl
Cl C
Галоген есебінде тек бром және хлор қолданылады.
В) Термиялық айырылу реакциясы, температура 1000 С дейін.
СН4 ------------ С+ 2Н2;
Егер температура 10000С тан жоғары болса, онда мына реакция жүреді:
2СН4 ------------Н3С—СН3 +3Н2 (дегидрлеу реакциясы)
Изомерлену реакциясы: көмірсутектердегі байланыс үзіліп тізбекті көмірсутектер тармақталған көмірсутектерге айналады.
400 С, AlCl3
СН3-СН2-СН2-СН2-СН3------------СН3-СН-СН2-СН3
СН3
Қоршаған ортаның ластануы:
Іштен жану двигателдерінде бензин қызғанда буланады. Толық жанбаса көмір мен улы иіс газын бөледі. Бұл газдың иісі, түсі болмайды сондықтан улану байқалмауы мүмкін. Көміртек оксиді қандағы гемоглобинмен оңай қосылып, оның оттекті тасымалдауына кедергі келтіреді, ал оның жетіспеуі өлімге әкеледі. Автөкөліктен бөлінетін газдардың құрамында 5 % СО болады.
Алкандардың қолданылуы.
Алкандар адам өмірінде кең қолданылады. Бізге метан құрамында болатын табиғи газсыз өмірді елестету мүмкін емес. Одан шина, типография бояуын жасайтын техникалық көміртек (күйе) алынады. Алкандардың қосылыстары холодильниктерде суытқыш хладагент ретінде қолданылады. Метаннан алынатын ацетилен, металдарды дәнекерлеу мен кесуде пайдаланылады. Алкандардың қосылыстарының арасында ерекше атауға болатын галогентуындылары хлороформ, төртхлорлы көміртек ең жақсы еріткіштердің бірі. Алкандар қоршаған ортаны аз ластайтын мотор жанармайы (метан, пропан, бутан) ретінде қолданылады. Вазелин-сұйық және қатты қаныққан көмірсутектердің қоспасы (көміртек атомының саны 25 - болады) мөлдір сұйықтық, иісі, дәмі болмайды, медицинада, паpфюмеpияда және косметикада қолданылады.
Паpафин (қатты алкандардың қоспасы С1935) – ақ қатты, иіссіз, дәмсіз зат, (tбалқу= 50-70°C) – балауыз , медицинада жылытқыш заттар ретінде қолданылады.
IV. Сабақты бекіту

  1. Гептанның барлық изомерлерін құрып ата.

  2. Пентанның екі жақын гомологын жазып ата.

  3. Ауа бойынша тығыздығы 2 –ге тең көмірсутекті анықта.



V. Қорытындылау. Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушылар бағаланады
VI. Үйге тапсырма

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет