Сабақтың мақсаты: Білімділік


Пиролиз – затты қыздыру арқылы айыру, көміртек атомының саны азаяды Алкандардың физикалық және химиялық қасиеттері



бет4/5
Дата27.11.2023
өлшемі37,13 Kb.
#129629
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
alkandardy-rylysy-nomenklaturasy-izomeriyasy-asietter-oldanyluy-alynuy

Пиролиз затты қыздыру арқылы айыру, көміртек атомының саны азаяды
Алкандардың физикалық және химиялық қасиеттері.
Алғашқы заттар (С1 –С5 ) – газдар, (С5 - С10 )-сұйық, С11 –қатты заттар. Гомологтық қатарда көміртек атомының саны өскен сайын агрегаттық күйі өзгереді бұнымен диалектиканың заңы: сан өзгерісінен сапа өзгерісіне ауысу айқын байқалады. Гомологтық қатарда көміртек атомының саны өскен сайын қайнау, балқу температуралары өседі, яғни молекула арасындағы тартылу күші де артады. Тізбектелген көмірсутектер тармақталған көмірсутектерге қарағанда жоғары температурада қайнайды.Сұйық қаныққан көмірсутектердің иісі бар (бензин), егер сынауыққа сумен бірге құйып шайқаса сумен эмульсия түзеді, яғни сумен араласпайтын, ерімейтін қаныққан көмірсутектер бар екені көрінеді. Егер калий перманганатының кристалын салсақ түсі өзгермейді. Неге? (алкандар К2МnО4судағы ерітіндісімен әрекеттеспейді). Вазелин-сұйық және қатты қаныққан көмірсутектердің қоспасы, молекулалық массасы жоғары, қолға май тәрізді байқалады. Парафин- қатты қаныққан көмірсутектердің қоспасы, аморфты түрлері болады. Парафин кесегі су бетінде қалқып жүреді (тығыздығы 1-ден кем) және жеңіл балқиды. Бірақ органикалық еріткіштерде ериді, сұйық алкандар бір-бірімен араласады. Барлық сұйық, қатты алкандар ауамен жарылғыш қоспалар түзеді, сондықтан олармен жұмыс істегенде сақтық шараларын сақтау қажет.
Қаныққан көмірсутектердің химиялық қасиеттері
А) Негізгі қасиеттерінің бірі –жану реакциясы. Көптеген химиялық реакциялар адамдардың төңірегінде, оның өзінде жүріп жатады. Біз бұндай химиялық құбылыстарға көңіл аудара бермейміз. Бұл құбылыстар қалай жүреді? (ас үйдегі газ, оталдырғыштың жануы, шахтадағы жарылыстар–бұл алкандардың жану реакциялары.) СН4 + 2О2 -----СО2 + 2Н2О + 880 кДж/ моль
Бұл реакция қай типке жатады? (экзотермиялық жарық, жылу бөле жүретін, алкандар жанғанда көп мөлшерде жылу бөлінеді, сондықтан отын ретінде қолданылады)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет