Сабақтың мақсаты: Білу Санның жуық мәні ұғымын біледі; Түсіну


Жоспар Сабақ құрылымы



бет2/3
Дата21.12.2022
өлшемі350,19 Kb.
#58612
түріСабақ
1   2   3
Жоспар

Сабақ құрылымы
ж/е жоспар-
ланған уақыт

Жоспарланған тапсырмалар



Ресурстар

Сабақтың басы.
Ақпараттық блок
7 минут

1.Ұйымдастыру:
А) Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа
дайындығын тексеру;

Ә) Үй жұмысын тексеру;


(«Солай ма?...» әдісімен.)
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Б) Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.(Экранда көрсетіледі)


2. Жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті білімдерін еске түсіріп, жинақтау.
(«Миға шабуыл» стратегиясы)
Ондық бөлшекті дөңгелектеу алгоритмін еске түсіреміз:

  • Қажетті разрядты/ үлесті тауып, астын сызып қоямыз.

  • Осы разрядтан/ үлестен кейінгі цифрды анықтаймыз.

  • Егер 0,1,2,3,4, цифрлары болса, онда көрсетілген разрядтан кейінгі цифрларды жазбаймыз.

  • Ал, егер 5,6,7,8,9 цифрлары болса, онда көрсетілген разрядтан кейінгі цифрға 1-ді қосамыз да, одан кейінгі цифрларды жазбаймыз.

Бағалау парақшалары таратылады.


Слайд №1, 2.
Слайд №3, 4.
Дәптерге жазылады

Слайд №5




Сабақтың ортасы.
Логикалық тапсырмалар блогы
6 минут

Логикалық тапсырмалар беріледі/ саралау жүргізіледі:
Тапсырма №1 (жеке жұмыс)
«Кім көп және тез?» әдісі.
Берілген сандарды дөңгелектеңдер:

  • ондық үлеске дейін:

  1. 6,458

  2. 39,401

  3. 2,153

  • жүздік үлеске дейін:

  1. 3,512

  2. 7,956

  3. 8,797

  • мыңдық үлеске дейін:

  1. 5,00245

  2. 12,36574

  3. 2,0004

  • ондық разрядқа дейін:

  1. 123,56

  2. 235,71

  3. 346,002

ҚБ: оқушылар бірін-бірі бағалайды. Әрбір дұрыс жауап үшін мұғалім оқушыға смайлик береді. Көп смайлик жинаған жеңімпаз атанады. Смайликтер саны бағалау парақшасына қойылады. Мұғалім өз тарапынан бағалауға түзетулер енгізеді. Нәтижесі бойынша сараптау жүргізіліп, оқушылар топқа бөлінеді.

Слайд №6.


Слайд №7.


Дұрыс жауабы

Дәптерге жазылады.



Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы
8 минут

Топтық, деңгейлік жұмыстар орындалады:
Тапсырма №2 «Орнымды тап» әдісі.
Өрнектердің мәнін тауып, ондық үлеске дейін дөңгелектеңіздер.
А-деңгей:

90,2 + 4,28 =

94,48




6,25 - 4,3 =

1,95




6,3 * 8,5 =

53,55




1,644 : 0,4 =

4,11




В-деңгей:

+ 3,52 =

9,37




58,75 - =

54,43




10,27 * 5,1 =

52,377




6,042 : 0,6 =

10,07




С-деңгей:

(9-0,9)+ 9=

17,7




(6,2 – 0,68) + 8 =

14,27




(30+2,16) *5 =

167,232




40,6725 : 4 =

9,57






ҚБ: оқушыларға тапсырма мен жауаптары, оларды дөңгелектеген сан жазылған парақшаның артқы бетіндегі сурет сыйланады. Оқушылар ол сыйлықты қалай пайдаланатыны туралы баяндап, қалыптастырушы бағалау жүргізеді. Бағалау парақшасына шығарылған есептер санына қарай берілген смайликтер саны және әрбір сөйлемге қосымша «Жарайсың!» деген сөз жазылған мөр саны қосылып жазылады.

Слайд №8,9,10.


Суреттер:



  1. Ауылдағы мешіт

  2. Қазақстан жері

  3. Ауылдағы «Шілтер әулие»




Интелектуалдылық трейнинг блогы
13 минут

Шығармашылық жұмыс: (топтық жұмыс) «Постер жасау» стратегиясы.
Тапсырма №3
А- деңгей тапсырмасы
Санды өрнек құрастырып, оның мәнін табыңдар. Шыққан мәнін ондық үлеске дейін дөңгелектеңдер.
Бағалау дескрипторларын дайындаңдар.
В - деңгей тапсырмасы
Ондық бөлшек сандарын пайдаланып, теңдеу құрастырыңдар. Оны шешіп, шыққан мәнін бүтін санға дейін дөңгелектеңдер.
Бағалау дескрипторларын дайындаңдар.
С - деңгей тапсырмасы
Өмірмен байланысты мәтін есеп құрастырыңдар. Оны шешіп, шыққан мәнін бірлік разрядқа дейін дөңгелектеңдер. Бағалау дескрипторларын дайындайындаңдар.
ҚБ: Дескрипторлар санына қарай смайликтер беріледі. Смайликтер саны бағалау парақшасына енгізіледі.

Постерге жазылады.

Слайд №12,13.





Сабақтың соңы.
Күтілетін нәтиже блогы
6 минут

ҚБ:(бағалау парақшасы бойынша)
Үйге тапсырма:
Кері байланыс: «Кірпішешен» әдісімен. Оқушылар қай тапсырмада қиналғанын/ қиналмағанын білдіреді.
«Қатысқандарыңызға рахмет»



Слайд №14
Слайд №15

Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша көмек (қолдау) көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
Анағұрлым қабілетті
оқушыларға жаттығуларды
күрделендіруді қалай жасайсыз?

Бағалау (қалыптастырушы) -оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пəнаралық байланыс.
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері.
АКT байланыстары.



Саралау – логикалық тапсырмалар блогында орындалады.Оқушыларды білімдеріне қарай деңгейге бөлемі:
(А)дең. 0-3 тапсырма орындағандар;
(В)дең.4-5 тапсырма орындағандар;
(С)дең. 6 тапсырма орындағандар.


Қаблетті оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындаймын.

Әр тапсырма бойынша дескрипторлар дайындаймын. Қалыптастырушы бағалау жүргіземін, бағалауға оқушыларды қатыстыруға тырысамын, кері байланыс беремін. Сабақтың соңында бағалау парақшасы бойынша бағалау жұргіземін. Оқушылардан рефлексия алып, нәтижесімен келесі сабақты жоспарлаймын.

АКТ-ны қолданау арқылы информатика пәнімен және мәтінді есептер шығаруда физика, геометрия, география пәндерімен байланыс орнатамын. «Орнымды тап» әдісін пайдаланып орындаған тапсырма арқылы қазақ тілі және әдебиетімен байланыс жасаймын..

Рефлексия


Сабақ / оқу мақсаттары
қолжетімді ме?


Бүгін оқушылар не білді?


Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен жоспарлаған саралау шаралары сəтті болды ма?


Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?


Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Өз сабағыңыз туралы рефлексияны төмендегі бос орынға жазыңыз.
(Сол жақтағы бағанада келтірілген сұрақтардың арасынан Сіздің сабағыңызға сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.)
Сабақ мақсаты оқу мақсатына сәйкес түзілді, қолжетімді болды. Оқушылар сандарды дөңгелектеуді білді. Шығармашылық тапсырмада өздігінен мәтін есеп, теңдеу, сандық өрнек құрастырды. Оларды шешті, жауаптарын дөңгелектеді және бағалау дескрипторларын дайындады. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы орын алды. Оқушыларым командамен (топта) жұмыс жасау барысында өзінің пікірін айқын айтуды, өзгенің көзқарасымен санасуды, бір-біріне көмек беруді үйренді. Мен жоспарлаған саралау әдісі – «Кім тез және көп» ұтымды болды.Сонан соң «Орнымды тап» әдісімен берілген деңгейлік тапсырмаларым сәтті шықты. Бұл тапсырманы орындау барысында пәнаралық байланысты және сабақтың тәрбиелік мақсатын орындауға мүмкіндік алдым. Жоспарланған іс-шараларымның бәрін орындап үлгердім, тек үй тапсырмасын беруді ұмыттым.



Қорытынды бағамдау:
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Қолданылған әдіс-тәсілдерім тиімді болды;

  2. Қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктерін жақсы пайдаландым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет