Сабақтың мақсаты: жаратылыстану ғылымдарының арасындағы химияның рөлін анықтау және пәнаралық байланысты қалыптастыра білу


Дәріс №1.4 Электрлік құбылыстар: электрөткізгіштік (Ом заңы), электролиз



Pdf көрінісі
бет11/56
Дата21.12.2022
өлшемі3,67 Mb.
#58600
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Байланысты:
УМКД

Дәріс №1.4
Электрлік құбылыстар: электрөткізгіштік (Ом заңы), электролиз 
(тотығу реакциясы және Фарадей заңдары), химиялық ток көздері. 
Магниттік құбылыстар және химиялық қосылыстардың магнетизмі. 
Жұмыс, потенциалдық және кинетикалық энергия. Температура, 
жылулық қозғалыс, қысым. Химиялық реакциялардың молекулалық-
кинетикалық теориясы және кинетикасы. Броундық қозғалыс және 
диффузия. Атомдар мен молекулалардың тербелмелі қозғалысы. Жылу, 
жылу мөлшері және жану жылуы.
 
 
Мақсаты: электрлік құбылыстар, электролиз, химиялық ток көздері 
түсініктеріне ақпарат беру. 
 
Глоссарий 
Электр өткізгіштік - металл немесе электролиттің электр тогын жүргізу 
қабілетін көрсететін құбылыс. 
Тотығу – элементтің немесе қосылыстың тотықтырғышпен әрекеттесу 
процесі. 


Фарадей заңдары — электролиздер арқылы электр тогы өткенде 
электродтарда бөлінетін не ыдырайтын заттардың мөлшерін (массасын) 
анықтайтын электролиз процесінің негізгі заңдары. 
Химиялық ток көзі - ЭҚК көзі, онда жүретін химиялық реакциялардың 
энергиясы тікелей электр энергиясына айналады. 
Жоспар: 
1. 
Электрлік құбылыстар: электрөткізгіштік (Ом заңы) 
2. 
Тотығу реакциясы мен Фарадей заңдары 
3. 
Химиялық ток көздері, жұмыс сипаттамалары 
1.Физика мен химияның байланысы саласында химияның физикалық 
химия сияқты негізгі бөлімдерінің ішінен салыстырмалы түрде жас 
бөлім 
пайда болды және сәтті дамып келеді, ол XIX ғасырдың соңында 
химиялық 
заттар мен қоспалардың физикалық қасиеттерін сандық зерттеудің сәтті 
әрекеттері, молекулалық құрылымдарды теориялық түсіндіру 
нәтижесінде пайда болды. Бұл үшін эксперименттік және теориялық негіз Д. 
И.Менделеевтің (периодтық заңның ашылуы), Вант-Гоффтың (химиялық 
процестердің термодинамикасы), С. Аррениус (электролиттік 
диссоциация 
теориясы) және т. б. жұмыстары болды. 
Соған қоса химия мен физиканың ұқсас ұғымдар электрлік және 
магниттік құбылыстарда анық көрінеді. Мысалы Ом заңы, Фарадей заңы 
және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет