Сабақтың мақсаты: жаратылыстану ғылымдарының арасындағы химияның рөлін анықтау және пәнаралық байланысты қалыптастыра білу


Химияның жаратылыстану ғылымдарындағы орны



Pdf көрінісі
бет2/56
Дата21.12.2022
өлшемі3,67 Mb.
#58600
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
УМКД

1. Химияның жаратылыстану ғылымдарындағы орны. Химия-
жаратылыстану ғылымдарының бірі, яғни табиғат объектілері мен 
құбылыстарын зерттейтін ғылымдар. Барлық жаратылыстану ғылымдары 


табиғатты зерттейді, бірақ әр түрлі жағынан. Мысалы, химия, физика және 
астрономия бірдей денені зерттей алады. Бірақ химия үшін ең алдымен 
дененің химиялық құрамы және онымен бірге болатын өзгерістер маңызды. 
Химиялық реакцияларда атом ядролары өзгермейді, тек атомдар мен 
молекулалардың электронды құрылымын қайта құру жүретіндіктен, химия 
үшін келесі анықтаманы ұсынуға болады: 
Химия-бұл атом ядроларының электронды ортасының өзгеруімен 
байланысты заттардың өзгеруі туралы ғылым. 
Химиялық заттардың құрамдас бөліктері химиялық бөлшектер: атомдар, 
молекулалар және иондар. Олардың өлшемдері шамамен 10
-10
-10
-6
м. Үлкен 
және кіші объектілерді басқа жаратылыстану ғылымдары зерттейді. Химия 
табиғаттағы заттарды атомдық және молекулалық деңгейде зерттейтін ғылым 
болып табылады. Оның зерттеу аясына газдар, молекулалар, кристаллдар және 
металдар сияқты атомдар жиынтықтары кіреді. Ол заттың химиялық құрамын, 
статикалық қасиеттерін, басқа затқан айналуын және байланысты 
реакцияларды қарастырады. Сонымен қатар химия бөлек атомдар мен 
молекулалардың қасиеттері мен өзара байланыстары туралы жалпы түсінік 
береді. 
Химия атомдарды, молекулаларды, химиялық заттарды және олардың 
өзара әрекеттесуін зерттей отырып, физика заңдарын толық қолдануы керек. 
Өз кезегінде биология мен геология өз объектілерін зерттей отырып, 
химиялық заңдарды да қабылдауы керек. 
XVIII ғасырда химия мен физика арасындағы байланысты М.В. 
Ломоносов байқады және өз жұмысында қолданды, ол былай деп жазды: 
«физиканы білмейтін химик бәрін жанасуға яғни қолмен іздейтін адам сияқты. 
Бұл екі ғылым бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан олар бір-бірінсіз 
жетілген бола алмайды». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет