Минералдық қоректер - өсімдіктің тіршілік әрекетіне қажет минерал
тұздары. өсімдікке азот, фосфор, калий, күкірт, кальций, магний элементтері
көп мөлшерде темір, бор, мыс, мырыш, марганец, т.б эементтер аз мөлшерде
қажет. Сондықтан біріншілері макро екіншілері микроэлементтер деп
аталады. Минералдық қоректерді өсімдіктер ион түрінде сіңіреді.
Ас қорытудың негізгі жүру жолы
Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде болшектеніп,
қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт,
қияр, қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т. б.) адам денесіндегі ұлпалардың
заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын
жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде
ерекше жүйе құратын - ас қорыту мүшелерінде болады.
Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың
дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден
жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас
қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі.
Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас
жеткіліксіз шайналса, оның құрамындағы қоректік заттар толық
қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала
шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа
айдалады.
Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады:
шықшыт, жақасты және тіласты. Бұлар дан басқа ауыз қуысының
кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп
шығарады. Ересек адамда орта есеппен тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді.
Сілекейдің құрамы мен мөлшері астың құрамындағы заттарға байланысты.
Сұйық тамаққа сілекей бөлінбейді. Қою асқа, әсіресе құрғақ тамаққа
шығатын сілекейдің құрамында су көп болады. Құрғақ және қою тамақ
шайналып, сілекеймен шыланып, жұтуға ыңғайлы ас қоймалжыңына
айналады да, тілдің және үрт еттерінің қозғалысы арқылы жұтылады.
Сілекейдің құрамында көмірсуын қорытатын ферменттер бар.
Дегенмен сілекейдің рН - реакциясы сілтілі реакция болғаңдықтан, ас
қоймалжыңының қарында біртіндеп қорытылуына әсер етеді. Сілекейдің
құрамындағы муциннің маңызы күшті, өйткені оның шұбаланып созылып
жатқан белогы ас түйіршіктерін ауыз қуысынан өңешке, одан қарынға өтуіне
ыңғайлы етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |