Сабақтың мақсаты Лексикалық тақырып бойынша кіріспе және бекіту


-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыздар



бет18/38
Дата15.11.2022
өлшемі133,32 Kb.
#50170
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
6-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыздар
Халық шаруашылығының әр түрлі салалары, өнеркәсіп көлемі мен өндіріс қарқынының артуы, халық шаруашылығының әр түрлі салалары, өндірістік байланыстардың күрделенуі, экономикалық мәліметтер мен статистикалық мәліметтер жинау, өңдеу процестері, құжат түрлерін есепке алу, таратып отыру, жоспарлау және басқару міндеттерін шешу, автоматтандыру қажеттігін туғызу, басқару жұмыстары, басқарудың жалпы мемлекет территориялық органдары, өнеркәсіптің жеке салаларын қамту, біріне жақын орналасқан бірнеше кәсіпорындар.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Автоматтандыру қажеттігін туғызатын не?

  2. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың неше жүйесі бар?

  3. Автоматтандырылған жұмыс орны дегеніміз не?

  4. АЖО негізгі қызметі қандай?

  5. Корпоративті ақпараттық жүйе қандай жүйе?

  6. КАЖ архитектурасы дегеніміз не?

  7. Сервер сөзінің мағынасын түсіндіріңіз

  8. Клиент дегеніміз кім?

Әдебиет:
НӘ 2,3
ҚӘ 4,6
ӘН 1,2
Сабақ 8
Тақырып: Технологиялық үрдістерді автоматты басқару жүйелері


Сабақтың мақсаты 1. Лексикалық тақырып бойынша кіріспе және бекіту
мен міндеттері: 2. Орнықты сөз тіркестерімен жұмыс
3. Мәтінді оқу және сөздіктің көмегімен аудару
4. Сұрақтарға сай мәтіннің түсінігін айту


1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар


Технологиялық үрдістерді автоматты басқару жүйелері
Технологиялық үрдістерді сапалы түрде жүргізу үшін, автоматты басқару жүйелері (АБЖ) жасап шығарылған. АБЖ автоматтандыру жүйесін жобалау тапсырмасы негізінде орындалады және келесі функцияларды атқарады: технологиялық үрдістің жүруі жайында ақпараттарды жинайды (біріншілік өлшеу түрлендіргіштер) және оны бақылаушыға ыңғайлы түрде көрсетеді (екіншілік аспаптар) берілген тапсырманың өзгеруі кезінде жұмыс режимін тез және нақты түзетуге мүмкіндік береді және үрдістің негізгі параметрлерін реттейді (реттегіштер, орындаушы механизмдер және реттеуші органдар).
Жалпы, үрдістерді автоматтандыру дегеніміз- берілген нысанға оның сапалы, тиімді, жақсы жұмыс жасауы үшін мақсатты түрде адамдардың қатысуынсыз немесе маңызды ерекше жағдайларда ғана араласып әсер ету әрекеті негізінде құрылған жүйе. Автоматтандыру нәтижесінде технологиялық үрдістер автоматты басқару жүйесі құрылады. Технологиялық үрдістер автоматты басқару жүйесі автоматтандырудың ең жоғары сатысы болып есептеледі.
Қазіргі заманғы көлемді өндірістерді, нысанды толық басқарудың шешімін қабылдау үшін қажетті ақпаратты жинау мен өңдеудің автоматтандырылған үрдісін жүзеге асыратын автоматтандырылған, адамды-машиналы жүйелерсіз елестету мүмкін емес. Аталған жүйелерді ТҮ АБЖ деп атайды. ТҮ АБЖ өндірілетін өнімнің сапалық және сандық сипаттамасын анықтайтын, берілген технологиялық және технико-экономикалық критериялар бойынша технологиялық кешендерді автоматты басқаруды қамтамасыз етеді.
ТҮ АБЖ –ні енгізудегі негізгі мақсат- технологиялық үрдістерді басқару сапасының жоғарылауы нәтижесінде еңбектің өндіру қабілетінің өсуі.
ТҮ АБЖ-ны құрудағы негізгі технико-экономикалық талаптарды атап өтуге болады:

  • Өндіріс масштабының өсуі;

  • Жабдықтардың бірлік қуатын нығайту;

  • Өндіру үрдістерін күрделендіру;

  • Өндіріліп шығарылатын өнімнің сапасы мен санына қойылатын талаптарды күшейту;

  • Еңбек ресурстарының жеткіліксіздігін жою;

Жалпы автоматтандыру жүйесінің негізгі мақсаты:

  • Өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Өндіріс экономикасын көтеру;

  • Өндірістің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Автоматтандырудың тапсырмасы және оның шешімдері:

  • Реттеу сапасын жақсарту;

  • Құрылғылардың дайын болу коэффициентін жақсарту;

  • Апатты жағдайларда технологиялық үрдістің және ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету және т.б.

Технологиялық үрдістің автоматтандырылуының тапсырмаларын шешу үшін:

  • Заманауи автоматтандыру түрлері мен әдістерін енгізу;

  • Заманауи және экономикалық тиімділікті беретін автоматтандыру құрылғылары мен аспаптарын енгізу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет