Сабақтың мақсаты Лексикалық тақырып бойынша кіріспе және бекіту


-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар



бет16/38
Дата15.11.2022
өлшемі133,32 Kb.
#50170
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар
Өндіріс үрдісін автоматтандырудың негізгі теориялары, жүйелері
Өндірісті кешенді түрде автоматтандыру, өнеркәсіп көлемі мен өндіріс қарқынының артуы және халық шаруашылығының әр түрлі салалары арасындағы өндірістік байланыстардың күрделенуі экономикалық мәліметтер мен статистикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу процестерін, құжат түрлерін есепке алып, таратып отыру, жоспарлау және басқару міндеттерін шешу ісінде автоматтандыру қажеттігін туғызды. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың ғылыми негізі халық шаруашылығын басқарудың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, басқарудың оптимальдық жүйесін синтездеу әдісін зерттейтін және экономикалық мақсаттарға математикалық әдістерді пайдалану мәселелерімен шұғылданатын экономикалық кибернетика. Оның басты мәселесі – халық шаруашылығымен оның жеке салаларын басқаруды автоматтандырудың бір тұтас жүйесінде адам мен кибернетикалық машиналардың өзара әрекетінің методологиялық және принциптік мәселелерін шешу.
Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізігі 3 жүйесі бар.

  • басқарудың жалпы мемлекет территориялық органдарын (Мемлекеттік жоспарлау комитеті, Орталық статистика басқармасы, сауда, ауыл шаруашылық, әкімшілік органдары) қамтитын автоматтандырылған мемлекеттік жүйе;

  • өнеркәсіптің жеке салаларын қамтитын автоматтандырылған салалық жүйе;

  • біріне жақын орналасқан бірнеше кәсіпорындарда экономикалық мәліметтерді өңдейтін және олардың жұмысын жоспарлау, басқару міндеттерін шешетін автоматтандырылған жүйе.

Автоматтандырылған жұмыс орны(АЖО)- ол, маманның ақпараттық және есептеуіш қажеттіліктерін жедел қанағаттандыруын қамтамасыз ететін және оның жұмыс орнында орналасқан құрылғылық және программалық құралдар комплексі. Әдетте бұндай құрал дербес компьютер болып табылады. Қажеттігінше басқа да қосымша электрондық құрылғылармен жабдықталған, ал нақты айтқанда: дисктік жинақтауыштармен, баспаға шығаратын құрылғылармен, оптикалық оқығыш құрылғылармен және графика құрылғыларымен, басқа АЖО бір арнада жұмыс істеу құралдарымен, жергілікті есептеуіш тораппен және т.б. АЖО ортасында маманнан қосалқы және жүйелік программалау бойынша арнайы біліімді қажет етпейді. Одан зерттеліп отырған құбылыстың қолданушы аймағында бейімделу қабілетті болуы талап етіледі. Осымен қатар, АЖО негізгі қызметі – жұмыс орындарында ақпаратты орталықтандырылған, автоматтандырылған өңдеу, АЖО және дербес компьютер жергілікті тораптарына, сонымен қатар, ауқымды есептеуіш тораптарға кіру кезінде «өзіміздің» сәйкес мәліметтер базасын қолдану. АЖО қамтамасыздандыру үшін қажет техникалық құралдар құрамы орындалатын жұмыстардың сипатына және нақты шарттарына тәуелді, бірақ, банк ақпараттарын өңдеудің автоматтандырылған жүйесімен басқару аппараты үшін терминал құрылғыларының типтік структурасын ұсынуға болады: ДЭЕМ базасында басқару құрылғысы, дисплей, иілгіш магниттік дискілерде жинақтауыш, мәліметтерді теруге арналған клавиатура, принтер және т.б. АЖО техникалық қамтамасыздандырудың бұндай құрамы сәйкес программалық құралдармен бірге экономикалық есептерді шешуге, құжаттарды жедел түзетуді орындауға, графикалық, кестелік, мәтіндік құжаттармен диалогтық жұмысты және әртүрлі картотекаларды жүргізуге мүмкіндік береді, яғни қойма қызметкерінің «жұмыс үстелі метафорасын» жүзеге асыруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет