Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3-сынып
Күні:
Тақырыбы:
Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы.
|
Қатысқандар саны:
Қатыспаған оқушылар:
|
Оқу мақсаты:
|
3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысын біледі.
|
Бағалау критерийі
|
Жануарлардың қоректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын біледі;
Өсімдіктер мен жануарлардың ортақ ұқсастықтарын ажыратады;
Өсімдіктер мен жануарлардың байланысын көрсететін үдерістерді жазады.
|
Тілдік мақсат
|
Пәндік терминология мен тірек сөздер: Өзара байланыс
|
Жануарлардың өсімдіктер сияқты қоректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын айта алады.
|
Құндылықтар
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Таныстырылыммен жұмыс
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктері.
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақта жоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
1 минут
1 минут
3 минут
|
Әр оқушыға сабақ басталмас бұрын кері байланысқа қызыл және жасыл түсті алмалар таратылады.
Шаттық шеңбері. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрып, төмендегі өлең жолдарын айту.
Сәлеметсің бе, Күн Ана!
Сәлеметсің бе,Жер Ана!
Сәлеметсің бе,Көгілдір аспан!
Сәлеметсің бе, сен!
Сәлеметсің бе Мен!
Топқа бөлу. Оқушыларды жануарлардың суреттері арқылы шағын топтарға біріктіру.
Артығын тап. «Төртінші артық» ойыны арқылы кіріспе тапсырманы орындау. Әр қатарда берілген сөздердің қайсысы артық екендігін табу. «Артық» сөздердің арасында қандай байланыс бар екендігін анықтау.
|
Шаттық шеңбері
Слайд №1,2,3
Жануарлардың суреттері
Слайд №4,5
«Төртінші артық»
ойынына арналған суреттер
|
Сабақтың ортасы
3 минут
3 минут
5 минут
4 минут
7 минут
2 минут
2 минут
7 минут
|
Тірі ағзалар арасындағы байланыс. Оқулықта берілген суреттің ұқсастығы мен байланысын табу.
Сұрақтарды талқылау.
- Өсімдіктер мен жануарлар не істейді?(Қоректенеді.)
- Бірінші суретте қандай үдеріс бейнеленген? (Фотосинтез үдерісі.)
- Өсімдік нені сіңіреді?(Күн энергиясын.)
- Одан әрі не болады? (Өсімдік бойында оттек пен қоректік заттар түзіледі.)
- Қоректену арқылы жануарлар не алады? (Күш-қуат алады.) Осылайша оқушылар жануарлар да өсімдіктер сияқты қоректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын біледі.
Өмір үшін маңызды. Суреттерден қандай өмірлік маңызы бар үдеріс жайлы білуге болатынын анықтау.
Талқыланатын сұрақтар:
Суреттегі өсімдіктен не байқадың?
Тасбақадан ше?
Мұны қандай белгілер арқылы анықтадың?
Осы үдерісті құрлықта да оңай бақылауға бола ма?
Егер тірі ағзалар тыныс алуды тоқтатса, не болады?
Фотосурет көмегімен жауап бер. Суреттегі жануарлардың өсімдіктерге қандай көмегі тиетінін анықтау. Сұрақтарға жауап беру.
Бірінші суреттегі жорғаторғай не істеп тұр? (Тұмсығымен емен жаңғағын ұстап тұр).
Ол бір жерден екінші жерге емен жаңғағын тасығанда үнемі тұмсығымен ұстап тұра ала ма?
Тиін күз бойы қысқа арнап жинаған жаңғақтарының орнын таба ала ма?
Келесі суреттегі иттің түгінен не байқалады? (Ит жүгіріп өткен тоғайдағы өсімдіктердің тұқымдары түгіне жабысып қалған.)
Олар жерге түсіп қалуы мүмкін бе? (Иә.)
Шашылған, жерге түскен, ұмыт қалған тұқымдарға не болады? (Олардан жаңа өсімдіктер өсіп шығуы мүмкін.)
Жануарлар өсімдікке қандай пайда тигізеді? (Өсімдік тұқымдарының таралуына көмектеседі.) Тіпті құмырсқалар да дәндерді илеуіне тасып, олардың таралуына жәрдем етеді.
|